Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

СЕГІЗ ЖЫЛДА СЕКСЕН ЕКІ БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ АТАНҒАН АЗАМАТ


24 августа 2012, 22:37 | 1 793 просмотра


Бұл жайында News.life-ке сілтеме жасап, BAQ.KZ хабарлайды.

Голландиялық азамат перзент сүюді аңсап жүрген қыз-келіншектерді өз үйінде қабылдайды екен. Ал, Губеннің көмегіне жүгінетін жандар әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатады. Өйткені, оның биологиялық көрсеткіштері аса жоғары. Губеннен жүкті болған әйелдердің 80 пайызы денсаулығы мықты бала босаныпты. Ал, Эдтің өзі болса көрсеткен осынау көмегі үшін ақша алмайды.

«Көп балалы әке» өз кәсібін 34 жасынан бастаған. Таң қаларлығы сол, бұған дейін Губен бірде-бір рет жыныстық қатынасқа түспеген және ол ата-анасының жанында өмір сүріпті. Голландиялық азамат өз қызметін пайдаланатын әйелдермен дүние келген балаға ешқандай қаржылай көмек көрсетпейтіндігі жайында алдын ала заңды келісімге отырады екен. Бүгінде оның белінен шыққан 45 қыз бен 35 ұл бала өз ата-аналарымен өмір сүруде. Ал, тағы екі сәбидің жыныстарын аналары айтқысы келмеген. Сондай-ақ, жуырда Губеннің көмегіне жүгінген 10 әйел ана атануға дайындалып жатыр.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ