Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ШЕТЕЛДІКТЕР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЛИНИКАЛАРДЫ ТАҢДАУДА


17 августа 2012, 18:26 | 1 048 просмотров



Рас, Қазақстан медициналық туризм рыногында өзі жайында дауыстап тұрып жар салды десе де болады. Оған дәлел өткен жылы ғана қазақстандық емдеу мекемелерінде 300-ге жуық шетелдіктер сапалы медициналық көмек алыпты. Негізінен олар Орта Азия мен Ресейдің шығыс аумағынан келгендер.Қуаныштысы, биыл отандық дәрігерлердің шеберлік географиясы тіптен артыпты. Ағымдағы жылдың басынан ғана АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, Ресей, Индия, Австралия, Қырғызстан және басқа да мемлекеттерден келген 150-ден астам турист ем-дом алған көрінеді. Бүгінгі күнге дейін шетелдіктерді арзан стамотолгия қызметі мен пластикалық операция қызықтырса, қазіргі таңда алыс және жақын шетелден келген пациенттерді Республикалық диагностика орталығы мен нейрохирургия ғылыми орталығы қызықтырады.

Медицина туризмі саласының қызметін бұдан да жетілдіре түсуге мүмкіндік береді дейді сарапшылар. Әлемді шарлап, сапалы медициналық жәрдем алғысы келетіндер саны 3 миллионнан асып жығылады. Бұл дерек жыл сайын орта есеппен 20-30 пайызға өсіп отырады.

Қазақстан аталған рынокта танылуды ертеден-ақ ойластырып келген. Ал, бүгінгі мақсат тіпті орасан зор десе де болады. Алғашқы жетістіктердің бірі-шетелде емделгісі келетін отандастарымыздың саны азайса, керісінше шетелдік науқастарды еліміз медицина мекемесінің қызметін пайдалунушылар санын арттыруға қол жете бастағанында.

Harvard Medical International ұйымының жүргізген зерттеулеріне жүгінсек, 2007 жылдан бергі уақыттан бері шетелде емделу үшін ғана қазақстандықтар 200 миллионға жуық қаржы жұмсаған. Негізінен науқастар кардиохирургия, нейрохирургия, мүше алмастыру, онкологиялық ем-дом алып келген. Күні кеше ғана Германия, Австрия, Израиль, Оңтүстік Корея, Сингапур және Турция мемлекеттері медицинасына жүгініп келген отандастарымызға бүгін алысқа ат терлетіп барудың негізі жоқ деген пікірде медицина қауымдастығы өкілдері.

- Соңғы жылдары елімізде уақыт талабына толыққанды жауап беретін құралдармен жабдықталған клиникалар көптеп салуда. Білікті мамандар даярлауға да баса көңіл бөлінуде,-деп есептейді медицина ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық денсаулық саласының маманы Алмаз Шарман.

Шетелдіктерді тарту көрсетілетін медицина қызметін жақсарту және қолжетімді баға арқылы жүзеге аса бастады.

- Астанада салынған 9 медициналық орталық кез-келген батыстық клиникалармен бәсекелесе алады,-деп атап өткен болатын ҚР мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед. Ең ауыр деген оталардың бағасы Батыстағы емдеу мекемелерінен әлдеқайда төмен болғанымен, жасалу сапасына келгенде алдына жан салмайды. Бір ғана мысал, Батыста бүйрек алмастыру операциясының құны 30 мың АҚШ долларын құраса бізде 14 мың доллар ғана.

Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында 4 мыңнан астам пациент ем алады.

2300-ден астам ота жасалады. Соңғы төрт жылда ғана орталықта 30-дан астам соны хирургиялық технология енгізілді.

2011 жылы аталмыш орталықта талма ауруын емдеуде хирургиялық технологиясы игеріліп, 10-ға жуық ота жасалды. Мұндай операциялар мемлекет кепілділігімен еліміздің азаматтарына тегін жасалады.

Сонымен қазақстандық денсаулық сақтау саласы әлем медицинасы рыногында өзін танытты. Ылайым осылай бола бергей!

Автор:
Ырысбай КЕНЖЕБАЙҰЛЫ.