Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ұлттық медициналық холдинг медицина мектебі үшін қызметкерлер даярлауда


17 августа 2012, 18:26 | 1 279 просмотров



Медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық медицина холдингі дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру шараларын жүргізуде, - деп хабарлады басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ақтаева Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Біз кадрлар әлеуетін арттыруға зор көңіл бөлудеміз және еншілес ұйымдардың профессорлық-оқытушы құрамын оқытудамыз», - деді Л.Ақтаева.

Сонымен бірге ол 2014 жылы холдинг жанындағы орталықтар «Назарбаев Университетінің» Медицина мектебінің клиникалық базасына айналады, деп атап өтті. Бұл оларды осы деңгейге сәйкес болуға және медициналық практикадағы халықаралық тәжірибені таратуға міндеттейді.

Тұтастай алғанда, Ұлттық медицина холдингінің базасында 6 айда 1050 маман оқып шықты, олардың ішінде 954 маман ел аймақтарынан келді. «Біз ғылыми-практикалық конференциялар, шеберлік сабақтарын, семинарлар өткіземіз. Бұл шаралардың барлығы кадрлық әлеуетті арттыруға, «Болашақ госпиталы» брендіне сәйкес болу үшін еншілес ұйымдарда медициналық қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», - деп түйіндеді Л.Ақтаева.

Автор:
КАЗАҚПАРАТ