Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстанда медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді


17 августа 2012, 18:25 | 1 156 просмотров


«Саламатты Қазақстан» бағдарламасымен қарастырылған іс-шараларды іске асыру негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған. Соларды орындаудың арқасында елімізде ана мен бала өлімінің төмендеу үрдісі байқалуда, деп хабарлады pm.kz сайты.

«Қазір «Саламатты Қазақстан-2015» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Денсаулық сақтау жүйесі сапалық тұрғыдан даму үстінде. Халықтың денсаулық көрсеткіштері бойынша оң серпінге қол жеткізіліп отыр. Бала туу көрсеткіші мен өмір жастың ұзақтығы ұлғайды», - деп атап көрсетті Елбасы Н.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту -Қазақстан дамуының басты бағытты» атты Жолдауында.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2012 жылдың І жартыжылдығында ана өлімі 13 пайызға төмендеген және әр 100 мың тірі туғандарға қатысты 15,4 көрсеткішті құраған. 2011 жылы бұл көрсеткіш 17,7-ге тең болған еді. Оған қоса, шақалақ өлімінің көрсеткіші 5,1 пайызға төмендеп, тірі туылған 1000 балаға 14,8-ді құраған.

Айта кету керек, халықтың ауруларға шалдығу көрсеткіші әр 100 мың адамға шаққанда 56463,47-ден 56098,22-ге дейін төмендеген. Халықтың туберкулез ауруына шалдығу көрсеткіші де төмендеген және әр 100 мың адамға шаққанда 86,09-ды құраған, 2011 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 94,6 болған еді. Туберкулезден болған өлім-жітім де өткен жылмен салыстырғанда 8,6-дан 7,4-ке (100 мың адамға шаққанда) төмендеген.

Автор:
КАЗАҚПАРАТ