Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстанда алғаш рет жүрек алмастыру отасы жасалды


17 августа 2012, 18:22 | 1 198 просмотров



Өткен сәрсенбінің сәтті күні, 8 тамызда Астанадағы Ұлттық кардиохирургия орталығында алғаш рет жүректі алмастыру отасы жасалды.

Қазіргі кезде 38 жастағы ер азаматтың хал-жағдайы тұрақты. Күні кеше ғана ол есін жиып, тамақтана бастады. Бүгін кешқұрым дәрігерлер оны аяққа тұрғызып, бір жүргізіп алмақшы. «Донордың жүрегі 46 жастағы әйел адамнан алынды. Оның миына қан құйылып кеткен. Содан өлім құшқан әйелдің ұлы анасының жүрегі мен бүйрегін донорлық мүше ретінде пайдалануға рұқсат берді. Онымен біз екі адамның өмірін сақтап қалдық», - дейді дәрігер мамандар.

Айта кетейік, жүректі алмастыру отасын белгілі кардиохирург Юрий Пя және оның чех әріптесі Жан Пирка жасап шықты. Сондай-ақ бұл операцияға Германияның мамандары қатысты.

Автор:
КАЗАҚПАРАТ