Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚУЫҚТЫҢ ҚАБЫНУЫ


17 августа 2012, 12:10 | 10 149 просмотров


Қуықтың қабынуы өз алдына жеке ауру. Ол балаларда ересек адамдарға қарағанда өте сирек кездеседі., бірақ мұндай аурумен мүлдем ауырмайды деген ұғым тумаса керек. Бір ескертетін жайт- қуықтың қыз балларда 3 есе жиі кездеседі. Қуықтың қабыныуының себептері көп. Дегенмен оның қай түрі болса да , қуыққа микробтың немесе бүректен (инфекция арқылы ) зәрдің түсуінен пайда болады.

Балаларда жиі кездесетін жұқпалы аурулардан кейін қуықтың қабынуы жиі болады. Әсіресе, жәншаудан (скарлатина ) кейін қуық жиі қабынады. Қуықтың қабынуына оның дамуындағы кемшіліктер, қуықтан үрпіге қарай жүретін несеп жолдартында кедергі бролуы себепкер. Міне ,осы жағдайлардың бәрінен қуыққа жиналып, сыртқа шықпай қалады. (Кіші дәретке отырған кезде де ). Жиналған зәр микробтың өсуіне өте қолайлы жағдай туғызады.

Ауру әдетте шаншудан басталады, несеп жиі- жиі шығып, шаншу сол зәр сындырудың соңында ұлғаяды, ал тіпті зәрдің соңынан бір- екі тамшы қан шығуы да мүмкін. Ер балада шаншу үрпінің басына шабады. Бұл мезетте қуықтың тұсында да шаншу пайда ьолып, қыздырып, тырналаған сияқты әсер етеді. Сонымен бірге кіші дәрет жиілеп, бала күндіз де, түнде жатса да , тұрса да мазасызданады. Соның салдарынан, бала қайта- қайта сыртқа шығуға үлгермей тіз ктиіміне жіберіп қойып, киімі үнемі су болып, жүруі де мүмкін. Ал зәрдің түсін байқасаңыз, оның ірің аралас екенін көресіз.

Қуықтың қабынуын анықтау үшін зәрді тексерген жөн. Зәрдің ішінде ірің (лейкцидтер) көбейіп кетеді және қан түйіршіктері (эриртоциттер) бар екені де анықталады. Сондықтан бала ауырған кезде зәрге талдама жасау керек. Бұл ауруға басқа ешқандай арнаулы зерттеудің қажеті жоқ. Зәрді тексергеннен кейін ауруды емдеуге кідірмей кіріскен дұрыс. Ол үшін баланы жылы төсекке жатқызып, аяғына жылытқыш (грелка) қойылады. Тұзды және басқ да несеп жолдарын тітіркендіретін тамақтар бермеген жөн. Оның есесіне сүт және басқа сұйық тағамдарды беру керек. Ал дәрімен емдеу дәрігердің ғана ісі. Сондықтан баланы дәрігерге көрсетіп, оның айтқандарын мұқият орындап отыру – ата-ананың басты міндеті. Қуықтың қабынуын әбден емдеген соң барып, баланы арнаулы зерттеулерден өткізген жөн. Сонымен бірге мұндай эерттеулер қуықтың қабынуы себебін табуға көмектеседі. Айта кететін жайт- қуықтың созылмалы қабынуы туберкулез ауруында да жиі кездесетіндігі.

Несеп жолының қабыну ауруларын басқа аурулармен шатастырып, дер кезінде анықтамаса , емдеу тісілдері де қолданылмай қалады.

Несеп мүшелерінің қабыну аруларының бірден –бір белгісі зәрдің өзгеруі болғандықтан, бала қандай аурумен ауырса да несепті тексеруге жете көңіл бөлген жөн. Сонда ғана несеп мүшелерінің қабыну аурулары дер кезінде анықталады және ойдағыдай емделеді.

Автор:
Саулехан СПАТАЕВА, Бала дәрігері. Сарыжаз дәрігерлік емханасы. Айгүл АШИМОВА, Бала дәрігері, Шалкөде дәрігерлік емханасы.