Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚЫЗ КӨРКІ – ШАШ


27 ноября 2009, 21:10 | 6 848 просмотров



Шаштың түсі, өсу жағдайы, әдемілігі көбінесе бас терісінің күтіміне байланысты. Тек дұрыс күтілген шаш қана өзінің жылтыр әрі негізгі түсін сақтап, жақсы өседі. Ал бас терісінің жалпы жағдайы адамның денсаулығына тікелей байланысты. Дені сау жас әйелдің шашы қалың әрі жуғанда жалтырап, құлпырып шыға келеді. Ал орта жастағы, ауру-сырқаулы әйелдің шашы керісінше, әрі жұқа, селдіреп, жуғанның өзінде шаш тәрізденіп тұрады.

Міне, осыдан-ақ денсаулықтың шашқа қандай әсерін бар екенін байқауға болады. Дұрыс тамақтану, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, тұрмыста және еңбекте белгілі бір режиммен бірқалыпты өмір кешу – организмге елеулі әсер етумен бірге шашқа да өте пайдалы.

«Қыз көркі – шаш» дейміз. Әйтсе де көп жағдайда шаш күтіміне көңіл бөле бермейтініміз де рас. Сөйтіп, шашты химиялық жолмен бұйралау, бигудиді салуды шаштараздың еншісіне қалдырамыз да, ерте жастан бастап күтім тілейтін шашқа қайғыра қоймаймыз. Содан жас ұлғайып немесе орта жасқа жетпей-ақ сол құнтсыздықтың салдарын тартанымыз да бар.

Шаш күтімінің негізгі бір заңдылығы – таза ұстау. Кір шаш эстетиканы былай қой-

ғанда, теріге әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады.Тіпті терінің ең үстіңгі қабатының азғана зақымдануы бактериялардың өнуіне жол ашады.

ШАШТЫ ЖУУ

Шаштың әр уақытта жылтырап, өз түсін сақтап, иілгіш болуы ең алдымен, оларды жағып тұратын майлы қабатқа байланысты. Осы май шашты сыртқы жағдайлардан; жел мен күн көзінен қорғайды. Сондықтан да май жойылғанда шаш әдемі түсін былай қойғанда қатайып, сынғыш болып, түсе бастайды.

Мұндай жағдайға жеткізбес үшін шашты 7-10 күнде бір рет жуып тұру керек. Ал шаң немесе ауа желдеткіші жоқ жерде жұмыс істейтіндер жиі, 3-4 күнде қайталап жуғаны дұрыс. Жуу арасы өте жиілеп кеткенде шашты арнаулы маймен сылауға болады. Әйтседе жуу аралығы шаштың майлылығына, ұзындығы мен жуандығына, терінің сезімталдығына да байланысты.

Әдетте ұзын шашты сирек жуады. Себебі жиі жуылған ұзын шаш тез құрғап, сынғыш болады. Ал қысқа щащты оған қарағанда жиі, аптасына бір рет жуса да болады. Себебі, қысқа қиылған шаш тез майланады. Ал майлы шашты үш күн сайын жуу керек. Құрғақ шаш жуған сайын құрғай түсетіндіктен 10-15 күнде жуса да жеткілікті. Тек бұл жағдайдашашты сыртқы ортаның әсерінен қорғай жүру ескеріледі.

Шашты жұмсартылған сумен жуған дұрыс. Әсіресе, жаңбыр не қар суы, ол болмаса қайнатылған су басты жақсы ашады. Қайнамаған суда сабын көпірмейді, соған орай да ашылмайды. Суды жұмсарту үшін 1 литр суға 1 шай қасық борлы натрий қышқылы қосылады. Бұл арақатынас сақталмаса, шашқа зиян, сондықтан бұған өте сақ болған жөн. Басты осы қоспамен жуып болған соң 1 литр суға 1 ас қасық сірке суы қосылған сумен шаяды.

Басты сабындағанда шаш бір-біріне жабысып не ұйысып қалмауы керек. Ал ұйысып қалған болса асықпай, саусақпен саралап жазып, ірі тісті тарақпен жұлқыламай тарайды. Әдетте шашты 1-2 рет сабындайды да, соңынан таза ыстық сумен шаяды.

Соңғы кезде шаш жууда сабынды сусабын алмастырады. Сабынға қарағанда сусабын өте жұмсақ, соған орай тері сезімталдығына да жақсы. Сусабынмен жуылған шашты соңынан мол жылы сумен шайған жөн. Мұнда да суға (1 литр суға 2 ас қасық сірке суы) сірке суын қосқанның зияны жоқ.

Таза жуылған шашты жұмсақ, әрі құрғақ сүлгімен сүртеді. Ал шаш әбден кепкенше бөлме температурасында жалаңбас жүрген дұрыс.

Шашты электр кептіргішпен немесе күн астында кептірген зиян, себебі шаш әдеттегіден гөрі қатты құрғайды. Сондай-ақ электр плитасы мен жанып тұрған газ плитасына ұстау да дұрыс емес.

Өте құрғақ шашқа жуған соң кез-келген өсімдік майын жағұға болады. Бұған, әсіресе, майсана (косторовое), шабдалы (персиковое) және бадам (миндальное) майын пайдаланады. Оған қоспа төмендегідей тәртіппен дайындалады:

1.1грамм салицил қышқылы, 100 грамм зәйтүн майы, 10 грамм майсана майы, 100 грамм сұйық парафин, 0,5 грамм духи.

2. грамм резорцин, 50 грамм сұйық парафин, 50 грамм майсана майы, 0,5 грамм духи.