Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БІР КҮНДІК ТІРШІЛІГІ


27 ноября 2009, 21:09 | 2 771 просмотр



Алматы облыстық көпсалалы ауруханада 1990-жылдан бері қызмет жасайды. Терапевт. Қабылдау бөлімінің меңгерушісі.

Қабылдау бөлімінде күнделікті жедел жәрдеммен және жоспарлы түрде науқастар өте көп түседі. Жылдан-жылға келіп түсетін аурулар саны көбеюде. Қазір қан қысымымен, әйелдер ауруы, түрлі жарақаттармен , жүрек қантамырлар ауруымен түсетіндер көп. Облыс бойынша тәулігіне 150-200 науқас келіп қаралады.

Түскен кезде науқасқа бірден көмек көрсетіледі. Ең бірінші тексеруді мен жасаймын, одан кейін науқастың ауруына қарай бөлімшелерден дәрігерлер шақыртылады.Сонан кейін науқасты қай бөлімге жатқызу керек екенін немесе аудандық ауруханаға жіберу керек болса сонда жіберіп, қадағалап бөліп отырамын. Көмек дер кезінде көрсетіледі. Күнде осы қабылдау бөлімінде екі мейірбике мен екі санитарка істейді. Травматолог, невропатолог, гениколог,хирург, бала дәрігері, барлық мамандар күні түні отырады. Көп салалы аурухана болғандыөтан барлық дәрігер мамандар тәулік бойы науқастарға көмек көрсетуге дайын .

Ауыр халде түсетін науқастар өте көп. Әсіресе аудандардан ауруын асқындырып алып түсетіндер көп. Бізде жедел түрде науқасқа көмек көрсетіледі. Егер тым ауыр халде адам түсетін болса, оған жедел түрде операция қажет болса дәрігерді үйінен түн ортасында болса да шақыртып аламыз. График бойынша әр бөлімшеден жедел түрде көмек көрсететін дәрігерлер кезекшілікте болады. Аудандарда ауыр халде жатқан науқастарға жедел түрде дәрігерлерді жібереміз. Тек облыстың тұрғындарын ғана емес қаланың тұрғаындарын бізге алып келеді. Ауыр халдегі науқасты қаланың тұрғыны деп қарамай қоймайсың ғой. Барлығына көмек көрсетеміз. Қабылдау бөлімінің жанында реанимация бар , кез келген уақытта әрдайым көмек көрсете аламыз. Қолымыз бір сәт бос отыратын кез болмайды. Бірнеше тәулік ұйықтамай, тамақ ішуді де ұмытып кетеін кездер болады. Тіпті жай тамақтануға да уақыт болмайды.

Бізге науқас қандай ауыр халде келсе, кейін әйтеуір жақсы болып шығады. Науқастарға дұрыс көмек көрсетпеу деген жоқ. Дәрігерлер барлық науқастарға жақсы қарайды.

Әркім өзінің мамандығын жақсы көрген соң науқастар аяғына нық тұрып жазылып жатқан кезде қуанасың.