10 августа 2012, 14:49 | 1 577 просмотров
Көшпелі медициналық кешеннің бір топ дәрігерлері заманауи әрі сапалы медициналық көмек көрсету үшін Жетісай және Мұнайшы стансаларына келді.
Ауданға келген медициналық бригада тобының құрамында облыстық емдеу-алдын алу мекемелерінің дәрігерлері мен мамандары - балалар дәрігері, дәрігер-невропатолог, кардиохирург, көз маманы, эндокринолог, гинеколог, проктолог, рентгенолог және басқа да мамандар бар.
Бірінші жарты жылдықта кешеннің дәрігерлері 24 елді мекеннен келген 7 мыңнан астам адамды қабылдады.
Мамандар бір күннің ішінде 193 тұрғынды медициналық тексеруден өткізіп, қабылдады. 161 зертханалық талдау (рентгенография, УЗИ, видеокольпоскопия, тонометрия, электрокардиограммалар) жасалды.