Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Гүл сыйлаудың сыры


10 августа 2012, 13:43 | 4 417 просмотров



Ерте заманда-ақ адамдар қырда жайқалған гүлдерге назар аударған. Оларға ерекшеліктеріне қарай түрлі ат қойған. Қайсыбірін емдік шөп ретінде де пайдаланған. Рас, қандай гүл болмасын адамға жақсы жадыраңқы көңіл күй сыйлары белгілі. Енді қандай гүлді кімге сыйлауға болады, қандай қасиеттері барлығына тоқталалық.

РАУШАН

Бұл гүлдің түстері әр түрлі. Ағы да, қызылы да, күлгіні де тағы да басқа түстері жеткілікті. Ақ түс пәктікті, тазалықты, ақылдылықты білдіреді. Негізінен бозбалалар бойжеткендерге ұсынғаны жөн. Қызыл түс махаббаттың, сүйіспеншіліктің белгісі. Алқызыл түсті раушан нәзіктікті аңғартады.

ЛИЛИЯ

Ерте заманда Римде бұл гүл жетістіктің, байлықтың белгісі саналған. Сондан болар әлемге әйгілі атақты суретшілер өзге гүлді емес, осы гүлді кенепке салған. Тіпті тиындарға да осы гүл шекілген. Француз халқы да осы гүлді мәңгіліктің, бай-бақуаттың белгісі ретінде таныған.

ОРХИДЕЯ

Бұл гүлді қатты сүйетін, адамның жүрегін ерекше жаулап алған жандарға ғана сыйлауға болады. Орхидея байлықтың, ұлылықтың, табандылықтың белгісі ретінде саналады. Қытайлар бұл гүлді аманшылықтың, жемісті өмірдің мәні деп қараған. Сондай-ақ адамды жат ауралардан сақтайтын қасиеті бар деп те есептеген. Содан болар қытай ыдыс-аяқтары көбіне осы гүлмен безендірілген.

ҚЫЗҒАЛДАҚ

Қызғалдақтың отаны - қазақ даласы. Бұл гүлдің түсі де сан түрлі. Ағы да, сарысы да, қызылы да бар. Соның ішінде қызылы махаббат белгісі ретінде саналады. Сары түс - бақыттың белгісі. Ақ тазалықты аңғартады.

БАҚЫТГҮЛ (ХРИЗАНТЕМА)

Қазақша бақытгүлі деп аталатын хризантеманың отаны - Жапония. Жапон экибаносында бұл гүл достықтың белгісі ретінде бейнеленеді. Сондай-ақ ақылдылықты, даналықты денсаулықтың мықтылығын сездіреді. Өзің сыйлайтын, сен үшін орны бөлек жанға осы гүлді ұялмай ұсынуға болады.

Автор:
aikyn.kz