Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Медицина қызметкерлерін міндетті сақтандыру туралы заң 2013 жылы қабылданады


3 августа 2012, 13:57 | 1 478 просмотров


2013 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерін кәсіби қателіктерден міндетті сақтандыру туралы заң қабылданатын болады, деп хабарлады ҚР Денсауық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Бүгінгі күні дәрігерлердің өздерін заңдық және әлеуметтік қорғаудың заңнамалық негізін құрудың үлкен қажеттілігі туып отыр. 2013 жылы тиісті заң қабылданатын болады», - деді Е.Байжүнісов.

Вице-министрдің айтуынша, медқызметкерлерді сақтандырудың екі үлгісі бар. Оның біріншісі, Америкадағы сияқты сақтандыру компанияларының көпшілігі әр дәрігерді жеке бағдарлама бойынша сақтандыратын нарықтық модель. Бұдан басқа, мемлекетте бірыңғай сақтандыру қоры болған жағдайдағы өзара сақтандырудың жалпыға ортақ түрі де бар.

«Бұл мемлекетте дәрігердің қателігі салдарынан болған моральдық және материалдық шығындарды бағалайтын белгілі бір институт құруды қарастырады», - деп қосты Е.Байжүнісов.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі кезде арнайы жұмыс тобы модель таңдау жұмысымен айналысуда, оның барлық оң және теріс жақтарын саралап барып белгілі бір ұсыныстар әзірленеді.

«Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында шешім қабылдауды талап етіп отырған мәселелер туралы нақты әрі өте уақытылы айтып берді. Оның ішінде медқызметкерлерді кәсіби қателіктерінен міндетті сақтандыру мәселесі да бар. Бұл денсаулық сақтау әлеміндегі ең маңызды тақырып», - деп аяқтады сөзін Е.Байжүнісов.

Автор:
КАЗАКПАРАТ