Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


22 июня 2012, 16:06 | 1 354 просмотра



Аймақ басшысы Аңсар Мұсахановтың өкімімен Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне Серікжан Бескемпіров тағайындалды. Бұған дейін ол облыстық мәслихаттың хатшысы болған. Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Махаббат Бигелдинов денсаулығына байланысты жұмыстан кетуге өтініш жазды. Серікжан Ісләмұлы Бескемпіров 1960 жылы дүниеге келген. Инженер-электрик мамандығы бойынша Алматы энергетикалық институтын тәмамдаған. Өзінің еңбек жолын Үштөбе қаласындағы ет комбинатында аға шебер болып қызмет етуінен бастады. «Темірлан» ЖШС-нің директоры, Талдықорған қаласы әкім аппараты бөлімінің басшысы, «Айдын» өнеркәсіп кооперативінің директоры, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Қаратал және Панфилов аудандарының әкімі болды.2005 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалмас бұрын Текелі қаласының әкімі болды.