Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

1-15 маусым аралығында еліміздің су қоймаларында 57 адам, оның ішінде 7 бала қаза тапты


22 июня 2012, 16:04 | 1 259 просмотров


Бұл туралы брифинг барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Любовь Шапошникова мәлім етті.

Жағалау маусымы ашылғаннан бастап судағы төтенше жағдайлар қаупі күрт өсетіндігін атап өткен ол: «Статистикалық мәліметтер бойынша ағымдағы жылдың 5 айында еліміздің су айдындарында 464 адам, оның ішінде 93 бала апатқа ұшырады. Олардың 77-сі, ішінде 17 бала уға кетті. ҚР ТЖМ суда құтқару қызметінің мамандары 387 адамды, оның ішінде 76 баланы құтқарды. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде суда 246 адам апатқа ұшырады, оның ішінде 153 адам құтқарылып, 93 адам қаза тапқан еді», - деді.

Сонымен қатар ресми өкілдің атап өтуінше, ағымдағы жылы суға түсу маусымы басталғаннан бергі аралықта, яғни 1-15 маусым күндері республиканың су айдындарында 159 адам, оның ішінде 49 бала апатқа ұшыраған. 57 адам, оның ішінде 7 бала суға кетіп, мерт болған. Ал ҚР ТЖМ суда құтқару қызметінің мамандары 102 адамды, оның ішінде 38 баланы аман алып қалған.

«Аталған статистика біздің еліміздің барлық азаматтарының назарын аударуы әрі судағы қауіпсіздік шаралары туралы ойландыруы тиіс. Өйткені, көбіне суға түсу үшін белгіленбеген орындарда адамдар суға кетіп жатады», - деді Л.Шапошникова.