Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Шекараны тастап кеткен 11 жауынгер табылды


22 июня 2012, 10:04 | 1 322 просмотра


18 маусым күні таң қылаң бере, «Шығыс» өңірлік басқармасы Зайсан шекара жасағы «Терісайрық» шекара бекетінің жедел қызметтегі (2011 жылдың қараша айында әскер қатарына шақырылған) 11 жауынгері ешқандай қарусыз өз еріктерімен шекара аумағынан кетіп қалған. Бұл жөнінде кеше 19 маусым күні еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл хабарламада «оқиғаның орын алғанын байқаған шекара бастығы өз тарапынан іздеу ұйымдастыруға ұмтылып, басшыларға төтенше жағдай туралы тек кешқұрым хабарлаған» делінген. Орын алған төтенше жағдай жөнінде хабар алысымен Шекара қызметінің, Ішкі істер департаменті мен ҰҚК департаменті күштерінен құрылған арнайы топ жауынгерлерді іздеу шараларын бастап кетті. Айта кетерлік жайт, мемлекет¬тік шекараның бұл аумағын күзету шекара қызметінің қосымша жеткізілген күштерімен жүзеге асырылуда. «Алдын ала алынған мәлімет бойынша жауынгерлердің өз еріктерімен әскери бөлімді тастап кетіп қалуына олардың арасындағы нашар қарым-қатынас себеп болған сыңайлы» делінген Шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Қазіргі күні әскери прокуратура орын алған осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабының 1-тармағы (лауазымды тұлғалардың, әскери бөлімше басшылығының әрекетсіздік танытуы, қызмет бабын теріс пайдалануы) бойынша қылмыстық іс қозғады. Баспасөз қызметінің хабарламасына жүгінсек, қазіргі уақытта Шекара қызметінің, Әскери прокуратураның ІІД мен ҰҚК облыстық департаменттерінің өкілдері оқиға орнында жұмыс жасап, оқиғаның себеп-салдарын анықтауда.

БЕТ ҚАТТАЛЫП ЖАТҚАНДА

Кеше түс ауа жауынгерлерді іздеу мақсатында құрылған арнайы топ Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Жаңаталап ауылынан 18 шақырым жерде «Шығыс» аймақтық басқармасының «Зайсан» шекара жасағындағы «Терісайрық» шекарасында жедел әскери қызметте жүрген 11 жауынгерді анықтап, тапты. Бұл жөнінде ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі күні осы оқиғаға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Бұл - еліміздің шекара бекетінде орын алып отырған екінші оқиға!

Автор:
Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ