Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ресей арақты қымбаттатуды қалайды


22 июня 2012, 16:03 | 1 316 просмотров


«Кедендік одақ шеңберінде алькогольдік ішімдіктер мен темекі бұйымдарының акциздік құнын теңестіру керек» деп мәлімдеді Ресей Федерациясының қаржы министрі Сергей Шаталов Германияда өткен Ресей экономикалық және қаржы форумында.

Шаталовтың айтуынша, күшті алкогольдік ішімдіктер мен темекінің акциздік құны 2015 жылға қарай Ресейде 20 пайызға дейін өсуі мүмкін. «Кедендік одақта бұл өнімдердің акциздік құны кейбір тұстарда екі есе, ал кейбірінде 6-7 есеге төмен болуы біз үшін проблема. Басқа мемлекетте шығарылған өнімдер сыртқа шығарылып, Ресейде сатылып жа¬тыр. Сондықтан Кедендік одақ көлемінде тиімді мерзімнің ішінде осыны гармонизациялау мәселесін шешуіміз керек» дейді Ресей Федерациясының қаржы министрі Сергей Шаталов.

Министрдің айтуынша, Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы елдермен келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді. Онда акциздер құнын біркелкі деңгейде ұстау туралы «жол картасы» жасалып жатыр. Бұл әңгіме қазақстандықтар үшін жаңалық емес, баяғыдан айтылып келеді. Жұрттың құлағы үйренген. Кедендік одақ шеңберінде темекі өнімдеріне акцизді кезеңмен көтеру туралы республикамыздың Экономикалық даму және сауда министрлігінде де мәселе көтерілді, Қазақстан тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Т.Назханов та айтып қалды. Ал сарапшылар болса, басқа пікірде. Бұл темекі өнімдерін заңсыз сатумен байланысты қылмыстарға жол ашады. «Егер акциздердің құны бірден көтерілетін болса, сондай-ақ темекі өнімдері қымбаттайтын болса, конт¬рабандалық өнімдердің көлемі күрт көтеріледі» дейді сарапшылар.

Автор:
Қайыржан ТӨРЕЖАНОВ Дереккөз: aikyn.kz.