Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Астаналық 23 дәрігер шет елдерге аттанды


22 июня 2012, 16:02 | 1 166 просмотров


Астананың 14 жылдығы мерекесін өткізуге байланысты Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы медициналық қызметкерлер мен дәрігерлердің жұмысын қорытындылады.

Жалпы Астанада 2576 дәрігер мен 4236 орта санатты медициналық қызметкер бар. Біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және өзге елдердің жетістіктерімен танысу мақсатында астаналық денсаулық сақтау саласының медициналық қызметкерлері алыс және жақын шет елде, сондай-ақ ел ішінде біліктіліктерін арттырмақ.2012 жылы денсаулық сақтау саласында ел ішінде 510 медициналық қызметкер (286 дәрігер, 224 орта санатты медициналық персонал) біліктілігін арттырған. Шетелге оқуға 23 маман жіберілген. (19 дәрігер, 4 орта санатты медициналық қызметкер).«Астана Таңдауы 2012» байқауында «Астананың Халық қаһарманы» атағына 16 медициналық қызметкер ұсынылған. Олардың қатарынан ең лайықтысын қала тұрғындары таңдайды..

Автор:
Подготовил Бейбит МАМЛЕЕВ