Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ерте көкөністердің қаупі мен пайдасы жайлы


22 июня 2012, 15:56 | 3 534 просмотра



Жазғы мезгіл де жетті! Сауда сөрелерінде құлпырып көкөністер мен жемістер кеңінен тола бастады.

Көкөністердің құрамындағы нитраттар жайлы естуіміз көп, бірақ ол не?

Егер химия пәнін еске алсақ нитраттар дегеніміз- азот қышқылының тұздары, адам ағзасына өздігінен зияны жоқ. Бірақ, адам ағзасына түскен нитраттар тотығу процесстерінің нәтижесінде нитриттерге, яғни уға айналады.

Нитриттер қан эритроциттеріне (метгемоглабин құра отырып) негативті әсер етеді, сондықтан оттегін тіндерге тасымалдау қабілетін қиындатады. Ал ол адам ағзасының оттегімен «тыныс алуын» нашарлатады. Метгемоглобин қалыпты жағдайда адам қанында 2% болады. Егер метгемоглобиннің құрамы 30% өссе, жедел улану белгілері (ентігу, тахикардия, цианоз, әлсіздік, бас ауруы) пайда болады, 50% өлімге әкеледі. Қандағы метгемоглобиннің құрамын метгемоглобинредуктаза ферменті реттейді, ол метгемоглобинді гемоглобинге айналдырады. Бұл фермент адамда 3-айлығынан өндіріле бастайды, сондықтан 3-айға дейінгі нәрестелер нитраттар алдында дәрменсіз. Аналарға ескерту! Нәрестелерді ерте көкөністер мен жемістермен қоректендіруден тартыныңыз!

Адам ағзасы тағаммен түскен нитраттарды зиянсыз сіңіруге қабілетті. Олардың бір бөлігі бізге пайдалы амин қышқылдарына өңделетін болса, басқа бөлігі бүйрек арқылы адам ағзасынан өзгеріссіз шығарылады. Ал нитраттардың түсуінде елеулі өзгеріс болса, олардың артық мөлшері зиянды нитриттерге айналады. Дені мықты ағза ғана нитраттардың артық мөлшеріне қорғаныс қабілетін танытады. Ағзаның нитраттарға сезімталдығын оттегі тапшылығын шақыратын барлық факторлар әсері күшейтеді, ол факторларға: тау биіктіктері, ауадағы азот тотықтары, улы газдар, алкоголді сусындарды қабылдау жатады.

Нитраттармен уланудың белгілері қандай? Уланудың алғашқы белгілері 1-6 сағат аралығында білінеді. Жедел улану лоқсу, құсу, іш өтуімен басталады. Артериялық қан қысымы төмендейді. Бас ауруы, шуыл, әлсіздік, бет бұлшық еттерінің тартылуы, қозғалыс координациясының жоғалуы, естен танып, комаға кету мүмкін.

Тағам түріндегі нитраттардың артық мөлшері ас қорыту, жүрек- қан тамырлар және орталық жүйке жүйелері кері әсер етеді. Нитратты сумен- жүрек- қан тамырлар, тыныс алу және орталық жүйке жүйелері зақымданады.

Қолданылатын көкөністердегі нитрат мөлшерін азайтуға, нитраттары көп көкөністерді сатып алудың алдын-алуға арналған бірнеше ұсыныстар:

- көкөністерді дайындағанда олардың жоғары және төменгі бөлігін көбірек алып тастаңыз. Ол жерлерде нитарттар көп болады (әсіресе ол- қызылша, сәбіз, редис және қиярға қатысты);

- кәдiлерде нитраттар қабық астында шоғырланады, сондықтан оны қалыңырақ тазалау қажет;

- ақ качанды қырыққабаттың жоғарғы жапырақтарын алып тастаңыз;

- жас көктерде нитраттар тамыршалары мен сабақтарында шоғырланғандықтан оны кесіп тастау қажет және оларды қолданар алдында ғана турау керек, өйткені ұсақ туралған көкте 10 минуттан кейін ауадағы оттегі мен микроорганизмдер әсерінен нитраттар нитриттарға (яғни уға) айнала бастайды;

- қарбыздарда нитраттар құрамы төменгі жағынан жоғарғы жағына қарай азаяды, тұқым камерасына қарағанда қабығында көп шоғырланады. Сондықтан қарбыз жеу алдында оның «құйрығына» жақын бөлігін кесіп тастаған жөн;

- бақша өнімдерін базарлардан, ірі дүкендер мен супермаркеттерден ғана сатып алыңыз. Ол жерлерде міндетті түрде ведомствалық зертханалармен көкөністердегі нитраттар мөлшері қадағаланады;

- қарбыз алғанда «белгі» кеспеңіз, лас қарбыз, сатушының лас қолы, лас пышақ- ішек жұқпасын жұқтыру қаупі зор. Қарбызды қолданар алдында жууды ұмытпаңыз;

-қарбызды таңдағанда оның «құйрығына» назар аудару қажет, ол құрғақ болса ғана алыңыз. Қарбызды тоқылдатқанда – дыбысы ашық болуы керек;

- езілген өнім алмаңыз, езілген қауын, қарбыз дәмдері нашарлайды;

Ең бастысы: егер көкөністің түрі мен түсі күдікті болса, онда оны мүлде сатып алмаңыз. Өз денсаулығыңызға үнемдеу қауіпті.