Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚЫЗАНАҚТАРДЫҢ ПАЙДАСЫ ЖАЙЛЫ


22 июня 2012, 09:39 | 3 239 просмотров



Құрамындағы ликопиндердің көп болуына байланысты пайдалы көкөністер арасындағы рейтингтің алдыңғы орнын қызанақтар алады. Ликопин ­ ол табиғи күшті антиоксидант. ДНК мутациясы қаупін төмендете отырып, ол қатерлi iсiк торшаларының бөлінуі мен көп онкологиялық ауруларға төтеп береді. Адам ағзасы ликопинді майдың көмегімен жақсы қабылдайды, сондықтан қызанақ салатына мiндеттi түрде жақсы зәйтүн майының бірнеше қасығын қосыңыз. Қызанақтарда көп мөлшерде адамға қажетті дәрумендер мен микроэлементтер бар. Құрамындағы жоғарғы мөлшердегі серотонинге байланысты көңiл-күй жақсарады, фитонцидтерге байланысты қабынуға қарсы және бактерияларға қарсы әсерлерге ие, хром тәбетті тежеп, тез асқа қанағаттану сезімін туғызады. Сонымен қатар, қызанақтар ас қорытуды жақсартып, жүрек –қан тамырлар ауруларының алдын-алады. Олар астенияда, атеросклерозға, азотемияға өте пайдалы. Қызанақтардың құнарлығының төмендігін ескеріп, артық салмақпен күресетін диетологтар оны сүйікті көкөніске жатқызады.

ҚЫЗАНАҚТАН САҚТАНЫҢЫЗ!

Егде және остеопороз бен буын ауруларынан зардап шегетін адамдар қызанақтарды мүлде қолданбауы қажет. Қызанақтарды көп пайдалану адам ағзасында кальцидің жиналуына, бүйректе тастың пайда болуына, тіс эмалінің эрозиялануына әкеледі. Қызанақ құрамындағы қышқылдар аталған адамдарға зиянды әсер етеді. Өттегі тас байлану ауруларында қызанақ құрамындағы қышқылдар өт қапшығының жиырлуына ұрындырады.

Қызанақтардың пайдалы да зиянды әсерлері туралы хабардар болдыңыздар. Сонымен бірге, қызанақтардың пайдалы әсері термиялық өңдеуде жоғарлайтынын да білгенңіз жөн.

Автор:
Рубриканы дайындағандар: Г. КАТКЕНОВА, АОМСЭҚКД азық-түлік объектілеріне санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы, Алматы облысы бойынша «Ұлттық салауатты тамақтану орталығының» жетекшісі