Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстан кардиологтарының өзгелермен бөлісер жетістігі жеткілікті - Қырғызстанның ұлттық орталығының директоры


15 июня 2012, 02:59 | 1 453 просмотра


Қазақстан кардиологтарының өзгелермен бөлісер жетістігі жеткілікті. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Мирсайда Миррахимова атындағы кардиология және терапия ұлттық орталығының директоры Айнагүл Жұмағұлова Алматыда өтіп жатқан Қазақстан кардилогтарының IV конгресі барысында айтты. «Мұндай конгресте медицина саласының бүкіл қоғамдастығы жиналады. Бұл аталмыш қызметтің дамуында атқарылған жұмыстың қорытындысын жасауда не келешекте жасалатын іс-шараларды анықтауда өте күрделі кезең. Қазақстан кардиологтарының қазір өзге әріптестеріне айтары өте көп. Олар үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Жүрек ауруларының өлім-жітімі де айтарлықтай азайды», - дейді Қырғыстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Еңбек сіңірген ғылым қайраткері А. Жұмағұлова. Медицина саласындағы 3 бірдей өнертабыстың иегері атанған, медицина ғылымының докторының айтуынша, бауырлас ел кардиология саласында тығыз байланыста. Әрдайым бірлескен дөңгелек үстел жиындарын өткізіп, көкейкесті мәселелерді өзара талқылайды. Өткені кардиология саласында екі елдің өлім-жітім мен мүгедектік бойынша мәселесі ұқсас. Қырғыз кардиология мектебінің Серік Әлімбаев, Ұлан Қабаев сияқты көптеген өкілдері бүгіні таңда Қазақстанның көрнекті мамандарына айналды. Қырғызстанда жоқ кейбір қызмет түрлері бойынша сырқаттарды емдеуде қазақстандықтардың көмегіне жүгінуде. Жалпы Қырғызстан кардиологтарының оң жаңалықтары аз емес. Мәселен, онда Орталық Азия аймағында бірінші болып туа біткен жүрек қабынуына пышақсыз операция жасау әдісі енгізілді. Қазір кардиохиругияның өзге де қызмет түрлерін Қазақстан мен Ресейдегі әріптестерімен бірлесіп өздеріне енгізу жұмыстарын жүргізуде.

Автор:
Подготовил Бейбит МАМЛЕЕВ