Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорғанда пәтер жалдаушылар үй иесін ұрып өлтірді


15 июня 2012, 02:59 | 1 017 просмотров


Талдықорған қаласының тұрғыны ауруханада есін жимастан қайтыс болды.Сараптама қорытындылары бойынша, ер адамның өлімі жабық бас-ми жарақатынан болды.Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, екінші тәулікте тәртіп сақшылары көршілес Ақсу ауданынан келіп, жалдамалы жұмыспен күн көрген және жәбірленушінің пәтерін жалдап тұрған үш күдіктіні анықтай алды. Соңғы отырыс пәтер иесі және пәтер жалдаушылар арасындағы төбелеспен аяқталды. Араққа сылқия тойған олар, ер адамды ұрып-соғып, оқиға орнынан іздерін жасырды.Жәбірленушіні көршісі тапты. Ол жедел-жәрдем қызметін шақыртқан.Қазіргі уақытта күдікті үш азамат ұсталып, Талдықорған қалалық ІІБ-ге қамауға алынды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғастырылуда.

Автор:
Подготовил Бейбит МАМЛЕЕВ