Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Түсініксіз жазғаны үшін түсініктеме берді


15 июня 2012, 02:56 | 1 119 просмотров



Жасыратын несі бар, дәрігерлердің науқастарға жазып беретін анықтама қағазын өздерінен басқа ешкім түсіне бермейді.

Оны оқудың өзі азап. Литвада да солай екен. Бір дәрігер алдына келген қарияға медициналық құжатты қалай болса солай, түсініксіз жазып берген. Клайпедск ауруханасының клиенті асқазанының ауруын ақ қағаздан оқып түсіне алмаған. Бұған қатты ашуланған 86 жастағы Пятрас Йонушас денсаулық сақтау министрлігіне, тіпті ел президентіне шағым жасаған.

Қарияның бұл шағымы елдегі дәрігерлердің есін бір жиғызып қойды. Аурухана басшысы дәрігерге сөгіс жариялап, ұжымда тәртіп орнатуға уәде етті. Ендігі жерде ауруханада істейтін дәрігерлердің барлығына арнайы компьютер беріліп, нұсқаулықтар мен құжаттарды қолмен толтыру тоқтатылады.

Автор:
Дереккөз:aikyn.kz.