Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Поздравления


15 июня 2012, 02:51 | 1 611 просмотров



Құрметті Ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Дәрігердің жұмысы өте ауыр, жауапты жұмыс. Жаны ауырып дәрігерден көмек сұрап келген ауру адамға дәрігер бірінші жылы жүзбен қабылдап, емдеу процесін сөзімен бастау ауру адамға ауруынан жазылуға дем беретінін ұмытпаумыз керек. Сондықтан да кез келген дәрігердің алдына келген ауру адам жанына шипа іздейді.

Құрметті әріптестер! Жанына шипа сұрап келген адам әр қашан ризашылығыменен рахметін білдіріп, ақ халатты абзал жандардың жұмысына шын жүректеріменен сенулеріне тілектеспін. Еліміздің өсіп өркендеу жолында жүрген үлкен азамат ретінде Тәуелсіз мемлекетімізді нығайту жолындағы атқарып жатқан қызметеріңізде абырой биігінен көрінулеріңізге тілектеспін.

Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбастарыңызға амандық тілей отырып, алда көптеген жаңа табыстарға жете берулеріңізге шын жүректен тілектеспін.

Мереке құтты болсын!

Автор:
Әшимғали Құсайынұлы Жұмагельдин, Ақсу аудандық аурухананың бас дәрігері