Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Поздравления


15 июня 2012, 02:50 | 1 111 просмотров



Құрметті ақ халатты абзал жандар, Сіздерді кәсіби медицина қызметкерлер күнімен құттықтаймын! Аса қадірлі медицина қызметкерлері ақ халатты абзал жандар ретінде әр науқастың жанына желеу болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып қана коймай, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп, жігерін жандырып келесіздер. Сіздердің қай кезде де ғажайып туғыза білген мейірімді жүрегіңіз бен епті қолдарыңыз адамзаттың көкейінде сенімділік ұялатады. Игілікті еңбектеріңіз, өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, азаматтардың денсаулығы жолында аянбай жасап отырған қызметтеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, еңбекте жеміс тілеймін! Бақытты болыңыздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті медицина қызметкерлері!

Автор:
Абдығалымов Марат Сабитайұлы, ШЖҚ «Алакөл аудандық орталық ауру-ханасы» МКК директоры