Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Поздравления


15 июня 2012, 02:49 | 1 055 просмотров



Құрметті әріптестер!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Адам ғұмырындағы ең басты байлығы денсаулық десек, сол денсаулықтың сақшысы сіздерсіздер. Сол себепті, алдымен өздеріңізге денсаулық тілеймін. Денсаулық болса аспайтын асу, алмайтын қамал жоқ. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Сіздердің елеулі де, қиындығы мол еңбектеріңіз ерекше құрмет пен сенімге ие, себебі сіздерді әрқашан жоғарғы жауапкершілік, адам өміріне араша болу, көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге әрдайым даяр тұру сияқты қасиеттер ерекшелендіріп тұрады.

Құрметті, әріптестер, сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра отбасыларыңызға амандық, жанұя жылулығын, кәсіби шеберлік тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Автор:
Мырзашев Иманғали Бөлегенұлының медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекелерімен құттықтауы, Сарқан аудандық орталық ауруханасының директоры