Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізілді


15 июня 2012, 02:37 | 1 467 просмотров


ҚР Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы ақпандағы № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 21, 269-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар):«Ағымдағы ахуалды және денсаулық сақтау саласының даму үрдістерін талдау» деген 2-бөлімде: 1-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету. Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі параметрлері»; 2-кіші бөлімнің он сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «БҰДЖ енгізу шеңберінде Министрлік түпкілікті нәтижеге және әрбір нақты ауруды емдегені үшін нақты шығыстарға ақы төлеуге, сапаны бағалау негізінде ақы төлеуге, медициналық қызметтерге ақы төлеудің ашықтығына бағдарланған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) қаржыландырудың жаңа моделін енгізді, сондай-ақ пациенттің дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауы енгізілді»;

«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімнің «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:«Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген 4-бөлімде:«Функционалдық мүмкіншіліктерді дамыту бойынша ДСМ іске асыратын іс-шаралары» және «Іске асыру мерзімі» деген бағандарда: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:«

1-1. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтердің стандарттарын және регламенттерін әзірлеу 2012 жыл

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

11. Мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру:

Қызметкерлер контингентінің алдын ала және мерзімдік медициналық тескеріп-қаралудан өтуіне келісім; медициналық қызметті лицензиялау; дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіруге және көтерме саудамен байланысты фармацевтикалық қызметті лицензиялау; денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті лицензиялау. 2013 жыл

«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлім осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Автор:
К. МӘСІМОВ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.