Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сенат комитеті денсаулық сақтау мәселелеріне арналған жобаны талқылады


8 июня 2012, 00:41 | 1 366 просмотров


5 маусым күні Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасының мақсаты Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы ратификацияланған келісімге және 2012 жылғы қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға байланысты туындаған пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы мен халыққа медициналық көмек көрсетудің қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі олқылықты жою болып табылады. Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады. Соған орай, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға түзетулер енгізу көзделеді.

Құжатқа Парламенттің бір топ депутаттары, атап айтқанда Г. Исімбаева, Г. Сейітмағанбетова, С. Жалмағанбетова, Қ.Ыдырысовтар бастамашылық жасаған болатын.

Автор:
Подготовил Бейбит МАМЛЕЕВ