Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БӘРІНЕ УАҚЫТ ТӨРЕШІ


1 июня 2012, 00:54 | 1 378 просмотров



Сарапшылар Қазақстан дамуының алдағы 10 жылдығын болжауда

«Капитал» апталық басылымының тілшісі Ирина Лукичева осы тақырыпта сараптама мақала жариялады. Онда ол қазақстандық сарапшылардың еліміздің 10 жылдан кейін қандай болатындығы мәселесін көтереді. Айта кету керек, «білгіштердің» пікірінше Қазақстанда алып бара жатқан өзгерістер бола қоймайды. Қоғамдық проблемаларды сараптау Орталығы директорының орынбасары Қанат Берентаев «Капитал kz-ға” берген сұхбатында отандық кен өндіру компаниялары трансұлттық компаниялардың (ТҰК) мүшелері саналады. Олардың баса көпшілігі Қазақстанның өркендеуін қолдай бермейтіні аян деп әңгімелейді.

2020 жылды Қазақстан қазіргі қолда барын ғана алады. Кен өндіру секторы өз бетінше дамиды. Өңдеу өндірісі мүлдем болмауы да ықтимал. Сервистік қызмет көрсету орындары ғана өзінше жұмыс жасай береді деген пікірде сарапшы. Қ.Берентаевтың болжамынша, еліміздің баса көпшілік халқы «үшінші әлем» мемлекеттері деңгейінде өмір сүреді. Осы орайда ҚР-да тек ұсақ өндіріс орындары дамиды. «Біз үшінші дәрежедегі мемлекетке айналып, елімізде сауатсыз халық мекен етеді» деп атап өтті сарапшы.

Егерде қазақстанда діндендіру тенденциясы жеңер болса, мемлекетіміз басқа принципті сценарий бойынша өркендемек көрінеді. Бұл орайда экономикалық жоспарлардың перспективасы қызығушылық танытпақ. Оның негізі де қаланды. Дәлірек айтқанда Кедендік одақ құрылды (КО). Бүгінгі таңда интеграцияның екі моделі бар. Біріншісі – мемлекеттік болса, екіншісі – корпоративтік. Бұл ретте бизнес-қауымдастықтар өздері іскерлік танытып, өздерінше байланыс орнатады.

Ең бастысы – дұрыс модельді таңдай білу қажет,-деп санайды Берентаев мырза. Сарапшының ойынша елімізде осындай бизнес-қауымдастықтарға қолдау көрсеткен абзал. Себебі кәсіпкерлер өздерінше әрекет етеді.Басымдылық Беларус, Ресей және Қазақстан іскерлері көрші рынокқа шыққаны дұрыс.Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда бірнеше мыңдаған кәсіпорындар жұмыс жасауда.

Тұрақты дамудың екінші көрсеткіші – көрші облыстар деңгейінде жергілікті қауымдастықтардың өзара байланысы. Бұл орайда тек ортақ тіл табысып, ортақ қызығушылықты қалыптастыра білсе болғаны. Яғни, біз жанжақты экономиканы өркендетуге қол жеткіземіз. Дәлірек айтқанда, «осы экономика бір ғана Қазақстанға емес, сондай-ақ Ресей мен Беларусьқа да жұмыс жасайтын болады» деп есептейді маман.

Сарапшылардың баса көпшілігі әлемдік ойыншылардың балансы аса қажет. Бұл технологиялық өркендеу мен шикізат рыногын дамуына ықпал етпек көрінеді деп есептейді.

Қазақстандағы шекарааралық қатынастар ассоциясының төрағасы Марат Шибұтов саяси шешімдер Иституты Клубының (СШИК) отырысында 2020 жыл қарсаңында мұнайдың бағасы 60-80долларға дейін төмендейді деген көріпкелділік пікір айтты. 8 жылдан кейін де ҚХР өзінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, атом ренессансты жалғастыра бермек. Қытай ішкі проблемаларын шешу мақсатында өзінің экспансиясын тоқтатуы да ғажап емес. Иран бұрынғыдай АҚШ-қа қарсы тұра береді. Өзара шектесіп келе жатса да Америка Ресейді экономикалық мәселелер бойынша қолдауын жалғастыра беретін болады. Еуроодақты экономикалық өсуі мен қалыптасуы бәсеңдеуі ғажап емес,-деп есептейді Шибутов мырза.

Аналитиктер сондай-ақ Ресейдің посткеңестік мемлекеттерге деген ықпалы артады деген болжам айтуда. Ал, Қытай болса Орта Азия мен Қазақстанға аймақаралық көлік жолдары жүйесінің есебінен әсері молаяды деп есептейді.

Тағы бір аймақтық мәселенің бірі – 8 жылдан кейін Моңғолия экономикасына қомақты қаржы қарастырылады. Мысал ретінде айтар болсақ, қазірдің өзінде аталмыш мемлекетке Ресей мен қытай инвестиция құюды жоспарлап отырған сыңайлы.

Бұл әлемдік тренттер қазақстанды айналып өтпес. Шибұтов мырза мұнайгаз саласына деген инвестиция көлемі азаяды дегенді жоққа шығармайды. Каспий теңізінен мұнай алу, яғни бір барелі 60 доллар шамасында болса әлбетте, тиімсіз. Сол себепті де салық жайын, немесе техникаларды өзгерту қажет. Жуырдағы 8 жылда бірнәрсе өзгереріне мен сенімдімін,-деп тұжырымдайды ол.

Сарапшы сондай-ақ 2020 жылы ел астанасы Алматыға қайта оралуы мүмкін деп толықтырды өз ойын. «Мен біздің экономика Астананың мұқтажын толық қанағаттандыра алмайды деп есептеймін. Тағы айтарым, БҰҰ-ның еліміз халқы 17-18 миллион көлемінде қала болып қала береді деген болжамы шындыққа жанасады дегенге сенемін,-деп атап өтті Марат Шибұтов.

Қалай десек те болжамның аты – болжам. Бәріне уақыт төреші.

Автор:
Ырысбай КЕНЖЕБАЙҰЛЫ, ӨЗ ТІЛШІМІЗ