Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Елімізде радиациялық онкологияның 5 өңірлік жоғары технологиялық орталықтары құрылады


1 июня 2012, 00:54 | 1 176 просмотров


Бұл туралы дүйсенбіде Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл орталықтар Астана, Алматы, Семей, Қарағанда, Ақтөбе қалаларындағы қазіргі кездегі қолданыстағы онкологиялық орталықтардың базасында орнығады. Бұл жерде бекітілген аймақтардың тұрғындарына жоғары мамандандырылған емдеу шаралары мен әдістері жүргізіледі.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын даярлап, ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді. Бағдарламаның мақсаты - қатерлі ісік ауруларынан Қазақстан азаматтарының өлім-жітімін төмендету. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін үш негізгі міндет айқындалды. Оның ішінде онкологиялық аурулардың профилактикасын жетілдіру, яғни скринингтерді дамыту, емдеу мен диагностика әдістерінде жоғары технологияларға қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ онкологиялық ауруларға қазіргі заманғы оңалту жүйесін құру шаралары қарастырылған.

Автор:
КАЗАҚПАРАТ