25 мая 2012, 22:13 | 1 989 просмотров
14-18 мамыр күндері Батыс Қазақстан облыстық ауруханасында ресейлік дәрігерлердің көмегімен тізе буындарының ауруы бойынша 10 ота жасалды.
Бұл туралы «Тізе буындарын эндопротездеу» тақырыбында өткен баспасөз брифингінде дәрігер-травматолог Серік Қарекенов мәлімдеді.
С.Қарекеновтің айтуынша, мұндай ем-дом шаралары өңірде екі жыл бұрын қолға алынған. Статистикалық мәліметке қарағанда, 2010 жылдан бері 45 эндропротездеу шарасы жүзеге асқан. Бұл ота түрі өте күрделі әрі психологиялық жағынан дайындалуды қажет етеді. Көрші Ресейде аталған операциялық емдеу 1978 жылдан жүргізіліп келеді. Батыс Қазақстан облысындағы тізе буындарын емдеу ісіне Ресейдің Краснодар облыстық ауруханасының дәрігері, профессор Олег Сабодашевский арнайы келіп, өз тәжірибесін жергілікті мамандармен бөлісуде.