Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАН ПЕДИАТРЛАРЫ ЖӨРГЕКТІ ҚОЛДАНУ ҰЛТТЫҚ АПАТҚА ҰРЫНДЫРАДЫ ДЕЙДІ


25 мая 2012, 22:12 | 1 662 просмотра


- Елордалық педиатрлардың бір тобы бір рет пайдаланылатын жөргектерді қолдануға қарсылық білдіруде, деп жазады BNews.kz, «Экспресс К» газетіне сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, жөргектерді пайдалану салдарынан ұлттық апат ауқымы кеңеюі мүмкін екен.

«АҚШ пен Батыс Еуропада бір рет қолдануға арналған жөргектерді пайдалану салдарынан халықтың 37%-ы шыжың дертіне шалдыққан. Бұл жөргек киіп өскен аға буын өкілдері. Осыған байланысты, аталмыш дертпен күресетін International Continence халықаралық қауымы құрылған», - дейді жеке клиника педиатры Әлия Қоңырбаева.

Дәрігердің айтуынша, баланы тәулік бойы жөргекте ұстаса, ол өз бетімен дәретке отыра алмайтын болады. Өкінішке орай, педиатрлардың айтуынша, бұл мәселе үш және бес жас аралығындағы қала балалары арасында туындап отыр. Сонымен қатар, бір рет қолданылатын жөргектер ер балалардың жыныс мүшелеріне зақым келтіруі мүмкін.

Әлия Қоңырбаева жөргек өндірушілер оның зияны туралы ескерту жасауы қажет екендігіне сенімді. Бұдан басқа, ішімдік пен шылым сияқты жөргек жарнамасына да тыйым салынуы тиіс.

Мәселені шешу мақсатында педиатрлар Денсаулық министрлігіне жүгінбекші..

Автор:
Подготовил Бейбит МАМЛЕЕВ