Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДСМ ҮЕҰ-ларға 400 млн. теңгеден астам қаржы бөледі


18 мая 2012, 00:43 | 1 229 просмотров


Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Экология. Денсаулық. Оңалту» 3-ші бас ассамблея барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті.

«Өткен жылы үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа шамамен 142 млн. теңге бөлінген болатын. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 400 млн. теңгеден астам қаржыны құрайды», - деді ол.

Аталған қаржы денсаулық сақтау саласындағы өзекті проблемаларды шешуге арналған әртүрлі жобаларға бағытталатындығын атап өткен вице-министр: «Өзге ведомстволардан біздің артықшылығымыз, тақырыптарды қауымдастықтардың өздері ұсынады. Біз оларды қарап, егерде біз үшін олар қызықты әрі өзекті болса, қолдау көрсетеміз», - деді Е.Байжүнісов.

Автор:
Марлан ЖИЕМБАЙ