Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ»


18 мая 2012, 00:36 | 3 292 просмотра


Тамақтану, организмнің сыртқы ортамен жан–жақты байланысының көптеген түрлерінің бірі ретінде, зат алмасудың жалпы тізбегінде жетекші орын алады. Қоршаған ортадағы қолайсыз факторлардың 80%–ы адамға тағам арқылы әсер ететіндігі анықталған.

Тамақтануға байланысты кемшіліктердің зардабы көптеген елдердің экономикасы мен денсаулық сақтау ісіне өз ауыртпалығын түсіріп отыр, ал әлемдік экономиканың жаһандануына байланысты, сол тағам мәселесі жалпы дүние жүзіндегі экономика дамуына да әсер етуде. Дүниежүзілік банктың есебі бойынша, тамақтану жетіспеушілігіне байланысты экономикалық шығындар, жалпы ұлттық өнімнің 9%–ын құрайды.

Дұрыс тамақтанбау денсаулық үшін қауіп–қатер факторларының бірі, оны жеңу – үкіметтің, мемлекет парламентінің және де салауатты өмір салтын ұстануға міндетті адамдардың жауапкершілігі екенін қоғам ұғу керек.

2011- 2015 жылдар аралығына Президенттің жарлығымен бектілген «Саламатты Қазақстан» мелекеттік бағдарламада халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерін көтеру, мелекеттік денсаулық сақтау жүйесі құзырында ғана емес, ол бүкіл қоғамның келісе қосқан күшінде, мемлекеттік ведомства, бизнес-құрылым және барлық деңгейдегі қоғамдық бірлестіктердің бірлесе қоғам денсаулығының жақсаруына қосқан үлесінде делінген. Сектораралық дайындалатын және енгізілетін бағдарлама мәселелерінің бірі ретінде салауатты тамақтану белгіленген. Оның мақсаты: халықты салауатты тамақтанумен қамтамасыз ету және тамақтанумен байланысты аурулардың алдын-алу. Бағдарламадан күтілетін нәтиже:

-теміртапшылық анемиясының 2013 жылға 2221, 2015 жылға 2082 100 мың халыққа шаққанда азайту (2009ж.-2314,0);

- дене салмағының артық болуының таралуын 2013 жылға 33%, 2015жылға 30% азайту (2009 ж. - 35,3%).

Аталған көрсеткіштерге жету үшін бәріміз бірге ат салысуымыз қажет. Азық-түліктің қауіпсіздігін, тағамдық құндылығын, оның пайдалылығын білу үшін, оның сыртқы қорабындағы арнайы белгілеріне міндетті түрде назар салыңыз. Егер азық-түлік қорабы бүлінген, арнайы белгілері нақты көрсетілмесе, пайдалану мерзімі өткен болса ондай тағам өнімінен өзіңізді сақтаңыз. Егер арнайы белгілерінде сақтау жағдайлары көрсетіліп, дүкен сөрелерінде ол жағдайлар қарастырылмаса, оны да ескергеніңіз жөн. Кейбір тұтынушылар шет елден әкелінген тағам түрлеріне құмар болады, егер шет елдік тағам өнімінде арнайы белгі орыс немесе мемлекеттік тілде берілмесе, ондай тағам өнімінен бас тартыңыз. Тағам өнімінің сыртындағы арнайы белгі -тұтынушылардың назарына берілген, яғни, сіз үшін белгіленеді.

Теміртапшылық анемияның алдын-алуға бағытталған шаралардың ең бастысы, ол күнделікті қолданылатын азық-түрлерін витаминді-минералды қоспалармен байыту. Біздің елімізде күнделікті қолданылатын тағам -нан болғандықтан, жоғары және 1-ші сұрып ұндар міндетті түрде витаминді-минералды қоспалармен байытылуы қажет! Сондықтан да, сауда айналымында жоғары, 1-ші сұрып ұн байытылған болуы міндетті. Бірақ ұн өндіруші шаруашылық субъектілерімен премикспен байытылған ұн өндіру мәселесі дұрыс жолға қойылмауда, ал дүкендерде витаминді-минералды қоспамен байытылған ұн жоқтың қасы.

Теміртапшылық анемиясы микронутриенттік әлемдегі ең көп тараған жетіспеушіліктердің бір түрі. Адам ағзасында темір қоры азайса, гемоглобин деңгейі де қарқынды түрде төмендейді, бұл қан эритроциттерінің тіндерге оттегін тасымалдау қабілетін төмендетеді. Бұл жағдай ағзаның барлық жүйесінің, мүшелерінің, тіндерінің және клеткаларының тыныс алу бұзылыстарына әкеліп соғады. Гемоглобиннің қажетті деңгейі іштегі нәрестенің толық дамуы үшін жүктілік кезінде өте қажет. Тағам сипатымен анықталатын теміртапшылық анемиясы тағам үлесіндегі темір жеткіліксіздігінен ғана емес, сондай-ақ басқада тағами (алиментарлы) факторлар есебінен туындайды. Анемия әсіресе А дәрумені, фолий қышқылы , В12 дәрумені, аскорбин қышқылы, В2 дәрумені, мыс, цинк жеткіліксіздігімен байланысты. А дәрумені ағзадағы темір қорының белсенділігін арттыруға көмектеседі; В12 дәрумендері эритроциттердің толық дамып-өсуіне қажет; цинк, мыс және фолий қышқылы гемоглобин синтезіне тікелей қатысады; аскорбин қышқылы темірдің органикалық емес түрлерінің сіңімділігін жоғарылатады.

Қазақстандағы анемияның деңгейі репродуктивтік жастағы әйелдер арасында 45% және 5 жасқа дейінгі балалар арасында 47% құрайды (2008 жылы ҚР ДСМ тапсырысы бойынша Қазақ Тағамтану академиясымен өткізілген зерттеулердің деректері) атап айтқанда, әрбір екінші ана мен бала анемиядан зардап шегеді, бұл өмірінің алғашқы аптасында шетінеген, жаңа туған нәрестелердің 74,7% және өмірінің алғашқы айында шетінеген балалардың 43,5% аналары анемиядан зардап шеккен. Ер азаматтардың 28% анемиядан зардап шегеді, әрбір төртінші еркектің репродуктивтік денсаулығын (сперматогенез қызметін) нашарлатады, демографиялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Барлық ана өлімінің 40% (атап айтқанда жүктілік немесе босану кезіндегі) анемияға байланысты.

Анемиядан зардап шегетін әйелдер 30-40% жиі салмағы толықпаған бала туады, бұл сәбидің өлуінің немесе нәрестенің ойлау қабылеті мен тәндік дамуы тежелуінің себебі болып табылады.

Анемия барысында қауіпті патологиялық жағдайлар дамиды. Жалпы денсаулық жағыдайының төмендеуінде ғана емес, сондай – ақ онкологиялық және жұқпалы сырқаттардың жоғары дәрежеде пайда болу қатеріне, ағза тұрақтылығының қоршаған ортаның зиянды факторларына ықпалы төмендеген жағдайларда қауіп төндіреді.

Қоғамымыздың теміржетіспеушілік салдарынан туындайтын проблемаларынан сақтандыру үшін шешім қабылдайтын азаматтарға айтарымыз: халықтың денсаулығына бағытталған қамқорлығыңыз- ол премикспен байытылған ұн өндіру, оның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамсыз ету!

Автор:
Е. СЫДЫМАНОВ Алматы облысы МСЭҚД директоры, Г.КАТКЕНОВА, тағам объектілеріне санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы