Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Гренландияның мұздықтары ғалымдар есептегеннен де тез еріп барады


11 мая 2012, 23:32 | 1 305 просмотров


Әлем ғалымдары Гренландияның мұздары есептегеннен де тез еріп жатыр деп дабыл қағуда. сегіз жылдық зерттеулер табиғат апатының қаншалықты ауқымды екенін көрсетіп отыр.

Мұз аралының көлемі қалай өзгеріп бара жатқаны жай көзге де ұрып тұр. Бұл туралы Лента.ру сайтында жарияланды.

Зерттеулер бойынша, қазірдің өзінде осы аралдан су күйінде 550 млрд тонна мұз мұхит суына қосылады. Бұл осы мәселені күн тәртібіне қойып, зерттей бастағалы бері болып көрмеген көрсеткіш.

Ғалымдардың пікірінше, егер аралдың барлық мұзы еріп кетсе, жақын жылдарда мұхит суының деңгейі 7 метрге жоғарылайды. Осының салдарынан Венеция, Амстердам, Лондон және Нью-Йорк сияқты қалалар бұрын тұспалдағаннан да ертерек су астына кетеді.

Автор:
Подготовил Бейбит МАМЛЕЕВ