Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АҚШ-та жұмыс орнында қысым жасалғаны үшін мұсылман әйелге 5 млн. доллар өтемақы төленбек


11 мая 2012, 23:32 | 1 302 просмотра


Ислам діні жолын ұстанатын американдық азаматшаға бұрынғы басшысы жұмыс орнында дискриминация жасағаны үшін 5 млн. АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлейтін болды.

Бұндай шешімді Миссури штатындағы алқабилер соты шығарды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС "Канзас-Сити стар" газетіне сілтеме жасап.

Сьюзан Баширдің айтуынша, 2005 жылдан бері ислам дінін ұстанғаннан кейін ол бірнеше жылдар бойы АҚШ-тың "Эй-ти энд ти" ірі ұялы байланыс операторы компаниясының тарапынан қысым көрген. Бір жолы мұсылман әйелінің шашын жауып тұратын дәстүрлі орамалды басшысы жұлып алған көрінеді. Осыдан кейін С. Башир тең мүмкіндікте еңбекпен қамту жөніндегі комиссияға шағым жасайды. Ал, оқиғадан соң болған күйзелістен кейін ол жұмысқа 9 ай бармаған. Бұл жағдай оны жұмыстан шығаруға соқтырды.

5 млн. доллардан бөлек алқабилер жалақы мен басқа да шығындар үшін Баширге 120 мың доллар өтемақы төленетін шешім шығарды.

Автор:
Подготовил Бейбит МАМЛЕЕВ