Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК


4 мая 2012, 22:30 | 30 072 просмотра



Анафилактикалық шок-организмге аллерген енген жағдайда бірден дамитын аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын өмірге қауіпті паталогиялық процесс және қан айналымы,тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталады.

ЖІКТЕЛУІ.

Найзағай тәрізді ағым-жедел басталады, артериалдық қысым тез үдемелі төмендейді, естен тану,тыныс жетіспеушілігі үдейді. Бұл ағымның ерекшелігі жүргізілген белсенді шокқа қарсы емге төзімді және үдемелі терең коматозды жағдайға дейін дамиды. Алғашқы минуттарда немесе сағаттарда өмірлік маңызды мүшелердің зақымдануына байланысты өлімге әкеледі.

Бұл ағым екі түрде өтуі мүмкін. Жедел тыныс жетіспеушілігімен немесе жедел тамыр жетіспеушілігімен.

Жедел тыныс жетіспеушілігі түрінде кенеттен әлсіздік пайда болып, үдейді, кеудесінде қысу сезімі, ауа жетпеуі, жөтел, экспираторлы ентікпе, бас ауруы, жүрек тұсындағы ауырсыну, қорқыныш сезімі пайда болады. Тері жабындары бозарған, цианозды. Тыныс алуы қиындаған, құрғақ сырылдар тыныс шығару соңында. Беттің немесе дененің басқа бөліктерінің ангионевротикалық ісігі дамуы мүмкін. Жедел тыныс жетіспеушілігі үдеген жағдайда және жедел бүйрекүстілік жетіспеушілік қосылған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Жедел тамыр жетіспеушілігінде кенеттен әлсіздік, құлағында шу пайда болады, суық тер басады. Тері жабындары бозарған. Акрацианоз. Артериалдық қысым үдемелі түрде төмендейді, тамыр соғысы жіп тәрізді, жүрек тондары тұйықталған. Бірнеше минуттан кейін естен тануы мүмкін, тырысулар. Жүрек-тамыр жетіспеушілігі үдеген жағдайда өлімге әкеледі.

Қайталанбалы ағым-клиникалық белгілері жақсарғаннан кейін бірнеше сағат немесе тәулік өткенде шок белгілерінің қайтадан дамуы. Кейде шок қайталанғанда алғашқы кезеңге қарағанда ауыр өтеді және емге төзімді болады.

Абортивті ағым-шоктың асфиксиялы түрі. Науқастарда шоктың клиникалық белгілері тез жойылады, кейде емдік препарттарды қолданусыз.

Анафилактикалық шок өтуін 5 түрге бөледі: кәдімгі, гемодинамикалық, демікпелік, церебралды, абдоминалды.

Анафилактикалық шок дамуы мүмкін егер: анамнезінде дәрілік аллергия, дәрілік препарттарды ұзақ қабылдау, әсіресе қайталанған курстармен, депо-препараттарды қолдану, полипрагмазия, дәрілік препараттың жоғары сенсибилизациялық белсенділігі, мамандығына байланысты дәрімен ұзақ қатынаста болу, анамнезінде аллергиялық аурулар,пенициллинге сенсибилизация көзі түрінде дермотомикоздардың (эпидермофития) болуы.

Шоктың эректилді кезеңі 2 түрде дамиды-церебралды немесе кардиоваскулярлы.

Церебралды түріне қозу, эйфория, рефлекстердің жоғрылауы, қарашықтардың кеңуі тән. Науқастың есі анық, қозған, мазасыз, қорқыныш сезімі болады.

Кардиоваскулярлы түріне артериалдық қысымның қалыпты немесе жоғары болуы, тахикардия немесе тамыр соғысының баяулары, тері жабындарының бозаруы немесе қызаруы тән.

Торпидтік кезеңде шоктың барлық негізгі патогенетикалық механизмдері қосылады(нағыз шок).Бірнеше сағатқа созылады және жедел көмек болмаған жағдайда өлімге әкеледі. Торпидтік кезеңді 3 дәрежеге бөледі.

1 дәрежелі шок. Компенсирленген, вазоконстрикция.басым. Жалпы жағдайы ауыр, тері жабындары бозарған, еріннің, тырнақ фалангаларының цианозы, тыныс алуы беткей, гипотермия белгілері, орталық жүйке жүйесі жағынан әлсіздік, реакциясы баяулаған, қарашықтардың тарылуы. Кардиоваскулярлы белгілері: артериалдық қысым біраз төмендеген немесе қалыпты, тамыр соғысы баяулаған.

2 дәрежелі шок. Субкомпенсирленген, вазодилятация басым. Жағдайы өте ауыр, цианоз өршиді (таралған цианоз), тыныс алуы жиі, беткей, гипотермия, шөлдеу, олигоанурия. Церебралды синдром: есеңгіреген,қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы баяулаған. Кардиоваскулярлы синдром: жүрек тондары тұйықталған, гипотония, тахикардия, экстрасистолия. Қанда метоболикалық ацидоз, гипокалиемия, гипоксия.

3 дәрежелі шок. Декомпенсирленген, вазотония басым. Жағдайы өте ауыр, таралған цианоз, гипотермия, тыныс алуы беткей, жиі Чейн-Стокс тынысы түрінде, анурия. Церебралды синдром: есі жоқ,адинамия, қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ, сезімталдық жойылған. Кардиоваскулярлы синдром: тамыр соғысы анықталмайды немесе жіп тәрізді, систолалық артериалдық қысым 50 мм-ден төмен, жүрек тондары тұйық, аритмия. Қанда айқын метоболикалық ацидоз,ауыр гипоксемия.

ЖЕДЕЛ КӨМЕК.

Науқасты жатқызу. Аяғын көтеру. Бетін бүйірге бұру.

Аллергеннің организмге одан әрі түсуін тоқтату: иньекция орнын немесе жәндік шаққан жерді 0,18% 0,5 мл эпинефрин ерітіндісін 5,0 мл натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде крест тәрізді енгізу және мұз басу. Аллергенді мұрынға немесе көзге тамызса сумен жуу. Аллергенді ішке қабылдаған жағдайда асқазанды жуу.

Шоққа қарсы шаралар: 0,18% эпинефрин ерітіндісін 0,3-0,5 мл бұлшық ет ішіне. Қайталап 5-10 минуттан кейін артериалдық қысымды бақылаумен. Антигистаминді препараттар 1% дифенгидрамин ерітіндісі 1,0мл бұлшық етке.(процестің одан әрі өршуін тоқтатады). Көк тамырға инфузионды ем. 0,9 % натрий хлорид ерітіндісі 1 литр мөлшерінде.

Аллергияға қарсы ем: преднизолон 90-150 мг көк тамыр ішіне.

Симтомды ем. Егер артериалдық гипотензия сақталса көк тамыр ішіне вазопрессорлы аминдер. Систолалық артериалдық қысым 90 мм-ге жеткенге дейін допамин 4-10 мг/кг/мин, бірақ 15-20 мг/кг/мин аспауы қажет.(200 мл допамин 400 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісінде немесе 5% декстроза ерітіндісінде). Инфузия минутына 2-11 тамшы енгізіледі.

Брадикардияда 0,1% атропин ерітіндісі 0,5 мл тері астына. Қажет болған жағдайда 5-10 минуттан кейін қайталап енгізеді.

Бронхоспазмда көк тамырға 2,4% аминофиллин ерітіндісі 1,0 мл (10,0 мл-ден көп емес) натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде енгізеді немесе B2 –адреномиметиктер, сальбутамол 2,5- 5,0 мг небулайзер арқылы.

Менің тәжірибемде 2011жылы 5 анафилактикалық шокпен науқастарға көмек көрсетілді.1 левомецитинге. Науқас анамнезінде левомецитінге анафилактикалық шок. Алкоголды мастану күйінде танысы берген левомецитінді сұрамай қабылдаған.

1 пеницилинге. Науқас анамнезінде пенициллинге анафилактикалық шок. Бірнеше жылдан кейін қайтадан иньекциясын жасаған.

1 ципролетке.

2 ара шағуына.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Протоколы диагностики и лечения заболеваниий для организаций оказывающую скорую и неотложную медицинскую помощь. Алматы-2007.

2.Тактика ведения и скорая медицинская помощь при неотложных состояниях. Руковотство для врачей. А. П. Верткин

3.Рекомендации по окозанию скорой медицинской помощи в Россиской Федераций А.Г.Мирошниченко . В.В. Руксин

Автор:
А.Р.СУРАМБЕКОВА, жедел жәрдем дәрігері Талдықорған қалалық жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы мемлекеттік қазыналық қәсіпорыны