Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматыда хирургтардың 3-конгресі өтуде


27 апреля 2012, 20:25 | 2 279 просмотров



23 сәуір күні Алматыда Қазақстан хирургтарының III конгресі өз жұмысын бас-тады. А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында өтетін бұл шара төрт күнге созылмақ.

Оған Еуропа Одағы мен Балтық жағалауы елдерінің және Түркия, Ресей, Беларусь, Жапония, Корея сияқты басқа да мемлекеттердің жетекші мамандары қатысты. Конгресс аясында 16 шеберлік сыныбы өткізіліп, қазіргі заманғы дәрі-дәрмектер мен ақпараттық және медициналық жаңа технологиялардың көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар онда медициналық нарықта жұмыс істейтін отандық және шетелдік компаниялардың соңғы жетістіктерімен таныспақ. Конгресс кезінде сонымен қатар әлемнің белгілі хирургтары озық инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған түрлі операциялар жасайды деп жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық хирургтардың шетелдік әріптестерімен өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктілігін көтеруіне зор ықпалын тигізбек.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда қазір адам өлімі жағынан қан айналымы жүйесі аурулары бірінші орында тұр. Одан кейінгі орындарда қатерлі ісік аурулары мен әртүрлі жарақаттар, улану және өзге де қайғылы оқиғалар тұр.