Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

12 балаға жүкті әйел рекордты жаңартуға бел буды


27 апреля 2012, 20:18 | 1 743 просмотра


Тунистiк мұғалiм әйелдiң күйеуге шыққанына көп уақыт болғанымен, бала туа алмапты. Бала көтергенiмен, бiрнеше түсiк тастаған.

Күйеуi екеуi ақылдаса келе жасанды ұрықтандыру жолымен бала көтерудi қалайды. Правда.Ру-дың жазуынша, ультрадыбыстық тексеруге (УЗИ) барғанда әлгi әйел 12 балаға жүктi болып шығыпты. Бұл туралы Жас Алаш газеті жазды.

Дәрiгерлер екiқабат әйелге: "Бұл шараналардың барлығы тiрi болмауы мүмкiн немесе денсаулықтарынан кiнәрат та-былуы да ғажап емес", - деп қазiрден бастап ескертiп жатыр. Қайткен жағдайда да әйел барлық шарананы тууға бел байлап отыр.

Егер тунистiк әйел 12 сәбидi аман-есен дүниеге әкелсе, ол әлемде егiз туудан рекорд жасайды. Ал әзiрше денсаулығы мықты 8 баланы егiздете-сегiздете өмiрге әкелген американдық Наде Сулеман рекорд жасау жөнiнен бiрiншi орында тұр. Ол да жасанды ұрықтандыру жолымен туған.