Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Елордада отандық жедел медициналық жәрдем көліктері таныстырылды


27 апреля 2012, 20:17 | 1 854 просмотра



24-сәуір күні елордада отандық компания құрас-тырған жедел медициналық жәрдем көлігінің 3 түрі таныстырылды.

«Астана Моторс» компаниясы «Hyundai County» автобус базасында құрастырған көліктің екеуі - жедел жәрдем машинасы, ал біреуі - реанимобиль. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл көліктер қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен қолданылуда. Жалпы, оларға қызмет көрсететін сервистік және жөндеу орталықтары республиканың барлық аумағында жұмыс істеуде.

Айта кетерлігі, ел Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігінің қажеттілігіне 2700 дана медициналық көлік сатып алу қажеттігін мәлім еткен болатын. Дегенмен, әзірше жедел жәрдем көліктерінің паркін жаңартуға қанша қаржы бөлінетіндігі белгісіз. Осыған орай «Астана Моторс» компаниясы тендерге қатысуға құлшыныс танытып отыр. Өйткені мемлекеттік сатып алулар барысында отандық өндіріс орнында жасалған техникаға басымдық беріледі.