27 апреля 2012, 20:11 | 4 753 просмотра
Жыл сайын, 2005 жылдан бері Дүние-жүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында иммундау апталығы өткізіледі. 2012 жылдың 21-27 сәуір аралығында осы ақция бір мезгілде барлық Еуропа елдерінде өткізіледі. Биылғы өткізілетін иммундау апталығының мақсаты – «Хабардар болу деңгейін көтеру және иммундауға сұранысты арттыру», халықты вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабар ету, иммундауға сенімді көзқарасты қалыптастыру және тұрғындарды Қазақстан Республикасының «Ұлттық күнтізбесіне» сәйкес жастарына байланысты егумен толық қамту.
Иммундау апталығында егілусіз қалып жатқан басқа мемлекеттерден келген, тіркеу-сіз, тұрақты мекен-жайлары жоқ халық топтарын, дін қауымдарын анықтап есепке алу және жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы иммундау жұмыстары ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда балалар мен ересек тұрғындар арасында қызамық, эпидемиялық аурулардың иммунизация арқылы алдын алуға болады. Егілген балалардың 90 пайызы ауырмайтыны, ауырса да сырқат жеңіл түрде асқынбай өтетіні дәлелденген. Балаларда жұқпалы аурулардың ас-қынулары – қызылша жұқпасынан кейінгі пневмония, дифтериядан кейін жүрек жағынан асқыну, эпидемиялық паротиттен кейінгі бедеулік, вирусты гепатиттен кейінгі бауыр обыры, цирроз және өлім-жітіммен аяқталуы мүмкін. Сондықтан келешек өмірге дені сау ұрпақ әкелу, балалардың денсаулығын жақсарту және әртүрлі жұқпалы аурулардан қорғану үшін алдын-ала имммунизация қажет.
Жұқпалы ауруларға қарсы егі-лу ұлттық күнтізбе бойынша перзентханадан басталады. Ересектер арасында да жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда әрбір 10 жыл сайын дифтерия мен сіреспеге қарсы, ит қапқаңда құтырма ауруына қарсы, жарақат алғанда сіреспеге қарсы, көктем-жаз айларында кене шаққанда кене энцефалитіне қарсы егу жұмыстары жүргізіледі.
Иммундау – ол ден-саулық сақтау саласындағы осы заманның ең үлкен жетістігі, бірақ біз халық арасында жұқпалардың таралуын тоқтатып отырған иммундаумен қамтуын жоғары деңгейде ұстамасақ көптеген жағымсыз жағдайларға соқтыруы мүмкін. Ол алдын алуға мүмкіндік болған аурулардың, өлім, қайғылы жағдайларының пайда болуы және экономикалық шығындар.
Иммундауға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған, Қазақстан Республикасында тіркелген вакциналар қолданылады. Иммундау жұмыстары егу алатын адамның денсаулығының дәрігерлік бағалауына негізделе оқытылған медициналық қызметкерлерімен арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі.
Иммундау апталығы кезінде, тіркелу орнына қарамастан Алматы облысы азаматтарына аумақтық емдеу-профилактикалық мекемелеріне (емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік пунктерге) барып Ұлттық күнтізбеге сәйкес егулерін алуға болады. Бүгінгі куні тұрғындарға жоспарлы егулерді алуға барлық мүмкіндік бар және тегін жүргізіледі.
Егілу – ол жұқпалардан өзіңді және баланы сақтап қалу. Сондықтан сырқаттануды емдегеннен гөрі, дер кезінде егіліп алдын-алу ана-ғұрлым жеңілірек екенін естен шығармауымыз қажет.