Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарымсақтың қандай қасиеттерін білеміз?


27 апреля 2012, 19:54 | 7 337 просмотров



Сарымсақ - адамзат асқа дәмдеуіш ретінде және медицинада кеңінен пайдаланатын көкөністің түрі. Сарымсақтың емдік қасиеттері 4000 жылдан бері белгілі болған.

Сарымсақ Орта Азиядан шыққан және бүкіл дүние жүзінде өсіріледі. Әлемнің барлық тағамдарында, әсіресе жерорта теңізі, ресей, болгар, түрік және араб тағамдарында дәмдеуіш ретінде қатты бағаланады.

Құрамында В1 тобының дәрумендері, С дәрумендері (жуашығында 10 мг пайыз, сабағында 55 мг пайыз) және Д дәрумені, йод, май, тағы да басқа заттар бар. Яғни 100 г сарымсақта – 150 ккал бар. Селен, кальций, фосфор, темір, магний, A, B1, C, PP дәрумендері бар.

Сарымсақ бактерияларға қарсы қосылыс-тарға, эфирлі майларға, сонымен қатар бос радикалдардың әрекеттерінен қорғайтын тотықтырғыштарға бай. Бактерияларға қарсы ең күшті қасиетке шикі сарымсақ ие, тіпті, өңдеуден кейін де ол қандағы холестерин деңгейін түсіреді, қанның ұюына қарсы әсер береді, қан айналымы жүйесін қорғайды және асқорыту жүйесіне жақсы әсер етеді. Микроорганизмдерді, саңырауқұлақтарды, бактериялар мен вирустарды жояды. Оның вирусқа қарсы әсері қатерлі ісік ауруларының пайда болу қаупін азайтады. Антибиотиктер біздің өмірімізде пайда болмас бұрын, өзінің қасиеттері арқасында сарымсақ вирусты аурулардан қорғаныш ретінде, сонымен қатар тырысқақ, оба немесе тұмау індеттері кезінде олардың алдын алатын құрал ретінде қолданылған. Оның дәрілер мен егулерден ерекшелігі бактерия штамдарында төзімділік туындамайды және адам үшін уытты емес.

Сарымсақтың құрамында ауру тудыратын микробтардың көптеген түрлерін жоятын ерекше бактерицидтік (фитонцидтер) заттар бол-ғандықтан, ол медицинада да қолданылады. Халық арасында сарымсақты көптеген ауруларды емдеуге ертеден пайдаланған. Әсіресе, қырқұлақ ауруын.

Емдік қасиеті ежелден белгілі сарымсақтың жаңа қасиетін жапондық, француздық ғалымдар дәлелдеп отыр. Жапон ғалымдарының мәлімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып отырады. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады. 2006 жылы француз ғалымдары сарымсақтың қасиетіне қатысты өз зерттеулерінің нәтижесін жариялаған болатын. Бұл зерттеу Францияның солтүстік-шығысындағы әйелдер арасында жасалған көрінеді. Тәжірибе көрсеткеніндей, сарымсақты көп қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны басқа сарымсақты сирек қолданатын әйелдерге қарағанда аз болыпты.

Парсылықтар геморойды сарымсақтың түтінімен булап емдеу әдісін қолданады. Шағындау темір құтының түбіне қатты қыздырыл-ған кірпішті салып, одан кейін үстіне ұсақ етіп кесілген сарымсақты салады. Сарымсақ күйіп, түтіндей бастағанда сырқат құтының үстіне отырып емделеді. Бұл әдіс қажетінше қайталанады. Ежелгі римдіктер сарымсақтың қасиетін танып, оны легионерлерге күнделікті тамаққа қосып беріп отырған. Ертеде кейбір елде сарымсақты тұмар ретінде тағып, аурудан сақтанған. Сарымсақтың негізгі қасиеті оның құрамындағы эфир майы мен фитонцидте. Қолқаны қаритын эфир майы 2-3 метр аумақтағы микробтарды жойса, ондағы фитонция түрлі аурулардың таяқшасын 5 минутте өлтіреді, астың қорытылуын жақсартады. Асқазан, ішек, жүрек ауруларының да бірден-бір емі – сарымсақ. Ол қан айналымын реттейді, аурудың асқынуына жол бермейді. Қарапайым сарымсақтың халықтық медицинада мың сан ауруға ем.

Автор:
Үй-тұрмыстық энциклопедиясынан алынған мәлімет