Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Көк шәй ішу – қауіпті


27 апреля 2012, 19:51 | 3 604 просмотра



Дүниежүзі бойынша тазалықты қадағалаушы әйгілі «Гринпис» ұйымының сарапшылары «Қытайда өсірілетін көк шәйдан қауіпті пестицид табылды» деп мәлімдеді.

Мамандар қытайлық тоғыз ірі кәсіпорындар өндіретін көк шәй, жасмин шәйі және «Улун» деген шәй түрлерінен адам ағзасына зиянды зат бар екендігін анықтаған. Бұл компаниялардың барлығы болмаса да, ішінара өздерінің өнімдерін АҚШ, Жапония, Еуропа, тағы басқа елдерге экспортқа шығарады. «Гринпис» өкілі Ван Цзиннің мәлімдеуінше, тексеруге алынған шәйдің құрамынан Қытай билігі тыйым салған зиянды пестицидтің түрлері бар екен. Оның ішінде метомил және эндосульфан сияқты химиялық зиянды заттар әсерінен адам ұрпақсыз қалуы мүмкін, жүкті әйелдердің ішіндегі нәрестені өсірмей, генетикалық ауытқуларға әкеледі. Ал шәй өсірушілер болса: «өнімдерімізде ешқандай зиянды пестицидтер жоқ, химикаттарды егіс-тікке шашқанда улы заттардың таралып кетпеуіне қатты көңіл бөлеміз» деп сендіргісі келеді. Қытай жағынан келетін көк шәй жазғы айларда өте көп ішіледі. Сондықтан сырттан әкелініп, «Пиала Gold» деген атпен сатылып жатқан шәй өнімдері мамандарымыздың сарап¬тауынан тағы бір рет өтсе артық болмас еді.

Қазақтар Кеңес үкіметі тұсында жаппай грузин шәйін ішетін. Үнді шәйін қолы жеткендер ғана алатын. Қазір үнді шәйі қат емес, дүкендердің сөрелерінде сіресіп тұр. Қазақстан шәй өсірмейді. Бірақ шәй ішпейтін қазақ жоқ, ет жесе де артынан шәй ішіледі. Шәйға қант, сүт, бал, қалампыр, тұз, бұрыш, тіпті май қосып іше¬тіндер бар. Сондықтан көк шәй да көп¬шілікке жақсы таныс.

Автор:
Қайыржан ТӨРЕЖАН, www.aikyn.kz