Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

25 СӘУІР - БҮКІЛӘЛЕМДІК БЕЗГЕККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ


27 апреля 2012, 19:46 | 3 370 просмотров



Жыл сайын 500 миллионнан астам адам безгекпен ауырып, бір миллионнан астамы көз жұмады. Кесел Африканың Сахарадан әрі оңтүстігіне қарай кең қанат жайған. Бірақ бұл ауру Азия, Латын Америкасы, Таяу Шығыс, тіпті Еуропаның кейбір аумақтарында кездеседі.

Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күнін Дүниежүзілік денсау-лық сақтау ассамблеясы 2007 жылы мамыр айында өткен сессияда бекітті. Бұл - безгекке қарсы тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жаһандық күш жұмылдыру қажеттігін мойындау күні. Осы күні ауру белең алған елдер өз күш-жігерлерін бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірін-бірі қолдауға жұмылдырады. Жаңа донорлар безгекке қарсы күрес жолында жаһандық әріптестікпен бірлесіп қимылдауға жұмылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды безгектен азат ел ретінде таныды.

Бұл жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры, доктор Маргарет Ченнің Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың атына жолдаған хатында айтыл-ған.

Қазақстанның аумағын безгектен азат аумақ ретінде сақтаудағы табысы атап көрсетіліп, безгектің қайта енуін болдырмаудағы республика Үкіметінің іс-әрекетіне жоғары баға берілген. Сонымен қатар, 2015 жыл-ға қарай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірде безгекті жоюға бағытталған өңірлік бастамасы ерекше атап өтіледі.

Қазақстанда бірнеше жылдан бері безгек ауруына шалдығу фактісі тіркелмеген. Алайда, өзге елдерден дерт қоздырғышын жұқтырып әкелу оқиғалары кездесіп тұрады екен.

ДЕРЕК:

Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталайтын ауру түрі.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ МИКРОГРАФТАҒЫ ПЛАЗМОДИУМ

Plasmodium тобына жататын қарапайымдылардың бірнеше түрі тудыратын жұқпалы ауру. Таратушы Anopheles тобына жататын масалар. Клиникасында ұстамалы қызба, гипохромды анемия, талақ пен бауырдың өсуі болады.[1]

Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған.

Паразиттің қауіптілігі XX ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Жаппай 42-72 сағат аралығында шығады. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі. Және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша 2010 жылы безгек ауруынан 655 мың адам көз жұмған. Алайда, The Lancet журналы бетінде бұл сан екі есе көп 1,24 миллион адам деген қорытындыға келді.

ДӘЙЕК:

1.Масаларға адам терісінің микрофлорасы ұнайды екен. Осындай қортытындыға Нидерландыдағы Вагенинген Университетінің мамандары келген. Anopheles gambia sensu stricto деп аталатын масаның түрін (безгек ауруын тасушы) адам терісінде микробтар көп болғанын қалайды. Терісінде сан-алуан микробтар болған адамдар масаны қызықтырады.

2.Безгек ауруы жер бетінде адамдар болмаған кезден бері бар. Бұндай тұжырымға Орегеон Университетнің ғалымдары келді. Ықлым заманда безгек ауруынан құстар, маймылдар шалдыққан екен. Қазба жұмыстарын жүргізген кезде осыдан 100 мың жыл бұрын қатып қалған безгек ауруының тасушы маса табылған.

Автор:
Дайындаған: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА.