Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АҚПАРАТ. НОВОСТИ МИНИСТРЛІКТЕ


26 апреля 2012, 11:49 | 1 446 просмотров


191 мыңдай адам Емдеуге жатқызу бюросы порталы

арқылы ауруханаға

жатқызылды

2012 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 191 мыңдай адам Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы ауруханаға жатқызылды, олардың 44,2% ауыл тұрғындары.

Азаматтардың 96,5% өз өңірінде емделсе, 3,5% басқа өңірлерді таңдаған. Яғни, тұрғындар негізінен үйлеріне жақын орналасқан клиникаларды таңдайды. Республикалық клиникаларға жатқызылған науқастар үлесі 14%-ға тең.

Емдеуге жатқызуды күту мерзімі қысқарып келеді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында науқастардың 70% жуығы алғаш-қы 3 күнде ауруханаға жатқызылды.

Айта кету керек, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДСЖ) шеңберінде Қазақстанда 2010 жылдың шілде айынан бері республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюросы жұмыс істеуде. Бюро www.bg.eisz.kz порталы арқылы емханалар мен стационарлардың арасын жалғаушы буынға айналды.

Емдеуге жатқызу бюросы порталы жоспарлы емдеуге жат-қызу үрдісін тиімді басқару, тіркеу, есепке алу және жолдамаларды өңдеуге қатысты мәселелерді шұғыл шешуге арнал-ған.

Жоспарлы стационарлық көмек алуға медициналық көрсетілімлер болған жағдайда учаскелік дәрігер емхана деңгейінде науқасты қарайды. Азаматты порталға тіркеу оның медициналық ұйым мен дәрігерді еркін таңдау құқығын және бос төсек орын жағдайын ескере отырып, жүзеге асырылады. Науқас таңдаған ауруханада бос орын болмаса, балама нұсқа ұсынылады. Науқастың қолына жоспарлы емдеуге жатқызу талоны беріледі. Талонда ауруханаға жататын күні және автоматты түрде енгізілген коды болады. Жоспарлы емдеуді күтіп жүрген кезеңде науқастар емханадағы учаскелік дәрігеріне қарала береді. Талонда көрсетілген уақыты жеткенде ауруханаға барып жатады. Егер осы аралықта күтпеген жағдайлар болса, науқас бұл жөнінде өз дәрігеріне хабар беруі тиіс.

Жүйенің артықшылығы – стационарлар, емдеуге жатқызу бюросы порталы, емханалар мен науқастар арасындағы өзара іс-әрекетті нақты үйлестіреді. Барлық тарап жүйедегі қозға-лысты www.bg.eisz.kz порталы арқылы қадағалап отырады.

Емдеуге жатқызу бюросы порталына кірген кез-келген нау-қас өз коды арқылы ағымдағы күту парағын, кезегін, сонымен қатар таңдаған стационардағы бос төсек-орындар туралы ақпаратты көре алады. Науқастың диагнозы құпия болғандықтан, порталда көрсетілмейді.

Науқасты емдеуге жатқызу тәртібі порталдағы күту парағында көрсетілгендей кезекте жүзеге асырылады. Яғни, сыбайлас жемқорлық және науқастардың тізімін өзгерту сияқты әңгімелерге жол бермейді. Науқас тек өзіне және емдеуші дәрігеріне ғана белгілі жеке коды арқылы өзін тізімнен көре алады.

Стационарлар мен емханалардың медициналық қызметкерлері өз кезегінде жоспарлы емдеуге жатқызу үрдісін басқаруға мүмкіндік алады.

Медициналық пойыздар 230

мыңнан астам қазақстандықты дәрігерлік тексеруден өткізді

2012 жылдың 1 тоқсанында «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» және «Жәрдем» медициналық консультативтік-диагностикалық пойыздары республиканың барлық өңірінде 89 стансаның тұрғындарына тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер 234 мың адамды, оның ішінде 7415 баланы қарады. Қабылдаулар саны 128 мыңнан асады. Осы кезеңде 82 мың диагностикалық тексеру, 183 мың шағын амбулаториялық операция жасалды. Маммолог мамандар 3,5 мыңға тарта әйелді қарап, стоматологиялық көмек 5 мыңдай тұрғынға көрсетілді.

Медициналық пойыз дәрігерлері нәтижесінде 22301 ауру түрін тіркеді, олардың 2576-сы балаларға тиесілі. 181 адамнан жаңа ісік түрлері анықталып, 2 жағдайда туберкулез белгілері байқалған.

«Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» және «Жәрдем» медициналық пойыздарының жұмысы нәтижесінде анықтал-ған аурулардың ішінде: ас қорыту органдары, несеп-жыныстық жүйе, қан айналымы, тыныс алу органдары, көз, жүйке және сүйек-бұлшық ет жүйелері аурулары жиі кездеседі.

Тексеру барысында ауру түрлеріне байланысты кейбір науқастарға сол жерде тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі. Ал әрі қарай зерттеуді қажет ететін жағдайда науқастар жақын маңдағы емдеу мекемелеріне жіберіледі.

Медициналық пойыздар және ондағы дәрігер мамандар өте маңызды және жауапты міндет атқаруда. Консультативтік-диагностикалық пойыздардың қызметтері халық арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұл - аталған жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңызының дәлелі.

ҚАЗАҚПАРАТ

Денсаулық сақтау нысандары

жобасының қымбаттауына жол берілмейді - Үкімет басшысы

Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы қатаң бақылауға алынады. Бұл туралы селекторлық режімдегі Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Белгіленген уақыттан тыс құрылыс мерзімі созылған барлық денсаулық сақтау нысандары мен бұл бағыттағы басқа да проблемаларды ұдайы қадағалап отыруды тапсырамын. Бұл нысандардың құрылысы тиісті мерзімде тапсырылуы тиіс»,-деп жүктеді К. Мәсімов әкімдер мен министрге.

Осы бағыттағы шараларды Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев бақылайтын болады. Премьер-Министр биылғы қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы денсаулық сақтау нысандары құрылысы мәселесіне орай қатаң тапсырмалар бергенін еске салып өтті. Бұдан бөлек, жақында Астанада өткен кеңесте Президент құрылыс нысандары жобасының қымбаттауы мәселесі тұрғысында тиісті қадағалау шаралары бойынша тапсырмалар берді.

«Атап айтқанда, денсаулық сақтау нысандары жобасының қымбаттауына жол берілмеуі шарт»,-деп тоқталды Үкімет басшысы. Сонымен қатар Премьер-Министр денсаулық сақтау нысандары құрылысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік ұстанымын пайдалану бойынша Елбасының тарапынан қолдау жасалғанын айтты.

«Сондықтан да, жауапты министрлік пен облыс әкімдері бұл бағыттағы шараларды қарастырып, осы үдерісті алға жылжыту үшін жақын арада ілкі жобаларды іске қосуы керек», - деді К. Мәсімов.

Осы орайда ол денсаулық сақтау нысандарының мәселесі алдағы маусым айында тағы да қаралатынын ескертіп өтті.

13 облыста 40 денсаулық

сақтау нысанының

құрылысы аяқталған жоқ

100 аурухана бағдарламасы аясында Атырау, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында жобалар толығымен жүзеге асырылды.

Бұл жайында селекторлық режімдегі Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 103 денсаулық сақтау нысанын салу көзделген. Оның 99-ы - жергілікті, сондай-ақ 4 нысан республикалық болып табылады»,-деді министр.

С. Қайырбекованың сөзіне қарағанда, биылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша 148,8 млрд. теңге қаржыға 59 нысанның құрылысы аяқталды. Оның ішінде 2008 жылы - 6 нысан, 2009 жылы - 11, 2010 жылы - 30, 2011 жылы - 11, сондай-ақ 2012 жылы 1 нысан тапсырылды.

«Аталған мерзімде Ақмола облысында жоспарланған 5 нысанның 1-і аяқталды, Ақтөбе облысында 5 нысанның 4-і, Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстары жоспарланған 6 нысанның әрқайсысы төртеуден тапсырды, ШҚО жетеудің екеуін, ал Астана 9 нысанның 3-ін пайдалануға берді»,-деді ведомство басшысы. Қызылорда облысында салынуы тиіс 5 денсаулық сақтау нысандарының ешқайсысы тапсырылмаған.

«Осы арқылы, 15 сәуірдегі ахуал бойынша 13 облыста 40 нысанның құрылысы аяқталған жоқ. Атап айтқанда, бұл жоба Атырау, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында толығымен жүзеге асырылды»,-деді министр.

Оның айтуынша, өңірлерде құрылыс мерзімі 6 нысан бойынша алға шегеріліп, 2012 жылға жоспарланды. Осы орайда Қызылорда облысы бойынша 2 нысанның, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Астанада 1 нысанның құрылысы белгіленген мерзімінде жүзеге асырылған жоқ.

Семейге Оңтүстік Корея елінен

арнайы делегация келді

Оңтүстік Корея елінің Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасы соңғы жылдары жоғары деңгейге көтерілгені белгілі.

Семейге келген бұл жолғы арнайы делегация өкілдері қаладағы денсаулық сақтау саласы мәселелерімен танысып, онкологиялық сырқаттар диагностикасын дамыта түсуде әріптестік қарым-қатынас орнатуға келді, деп хабарлайды Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Оңтүстік кореялық Кангвон провинциясынан келген жедел медициналық көмек ауруханасының дәрігері, профессор Ан Му Еоб, Вонджу қаласындағы медициналық жарақтандыру маркетингі мекемесінің кадр бөлімінің бастығы Ан Хонг Хи, «МТМ» фирмасы президентінің орынбасары Им Кёнг Бин сынды мәртебелі меймандарды қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева қабылдады. З. Рамазанқызы қаламызға алғаш табан тіреген қонақтар-ға шаһар жайлы қысқаша мағлұмат беріп өтті. Бүгінде әлеуметтік-экономикалық ахуалы жыл санап жақсарып келе жат-қан Семейдегі өндіріс орындарының ілгерілеуіне кореялықтардың да қосып отырған үлесі зор екенін айтып өтті. Әсіресе, осы мемлекеттің «Daewo Bas» компаниясының брендтік өнімі ретінде Семейден шығарылатын автокөлік түрлерінің өндірісі ерекше маңызға ие болып тұр. Сондай-ақ күнгей Корея қаладағы онкологиялық диспансерге де елеулі түрде жәрдем жасап келеді.

Бұл шаралар өз кезегінде Семей полигоны зардабын шегіп келе жатқан өңір тұрғындарының денсаулығын жақсартуда елеулі септігін тигізуде.

Кездесу соңында қонақтар сөз алып, ыстық ықыласпен қарсы алған қалалық әкімдік қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

ИНТЕРФАКС

Страны Центральной Азии не создали единого культурного пространства, не говоря о

политической и

экономической интеграции

Казахстанский политолог Ерлан Карин считает, что страны Центральной Азии разобщены и нуждаются в налаживании более тесного взаимодействия в информационном и культурном поле.

"Имея общую историю, культуру, практически сходную экономическую структуру, традиции, центрально-азиатские государства не создали даже единого культурного пространства, не говоря уже о едином политическом и экономическом пространстве. И постсоветская Центральная Азия не повторила путь Прибалтики или Восточной Европы, не стала сообществом стран, объединенных некой общей идеей развития", - сказал Е.Карин в интервью газете "Литер", опубликованном во вторник.

Все пять стран региона пошли разными путями развития, сформировав совершенно разные политические режимы. И сегодняшние отношения между странами в большей степени обусловлены спецификой политических режимов - чем сильнее значение личностного фактора, тем больше отношения между странами региона наполнены субъективными моментами, считает политолог.

"Природа многих противоречий, конфликтных ситуаций кроется, к сожалению, в этом", - отметил он.

Вместе с тем Е.Карин считает, что "несмотря на противоречия и проблемы, мы должны искать точки соприкосновения, наращивать сотрудничество хотя бы на гуманитарном уровне".

"Ведь самое страшное не политические разногласия, а то, что в странах региона растет уже целое поколение, для которых мы уже друг другу как бы чужие народы. Нас уже все меньше и меньше начинает связывать то самое, чем мы всегда гордились: общая культура, традиции и т.д. Зачастую мы хорошо знаем, что происходит в России, Европе или даже в Африке, при этом даже не имея представления, чем живут наши соседи. И эти провалы в информационном, культурном поле очень сложно завтра будет заполнить", - посетовал Е.Карин.

Замдиректора училища в

Караганде попался на взятке

В Караганде (адмцентр Карагандинской области Казахстана) при получении взятки задержан заместитель директора по воспитательной работе профессионального училища.

Как сообщил во вторник агентству "Интерфакс-Казахстан" начальник областного департамента финансовой полиции Аманберли Исабеков, за 50 тыс. тенге педагог выписал свидетельство о прохождении обучения в данном учебном заведении лицу, которое там не обучалось. Текущий курс - 147,5/$1.

"В отношении педагога возбуждено уголовное дело по статье 311 "получение взятки" Уголовного кодекса", - сказал А.Исабеков.

Подозреваемый отпущен под подписку о невыезде.

Подготовил Бейбит МАМЛЕЕВ.

БОМЖИ ТАЛДЫКОРГАНА

УБИВАЮТ ДРУГ ДРУГА

Судебно-медицинская экспертиза подтвердила подозрения полицейских: мужчина, обнаруженный несколько дней назад, умер в результате разрыва печени.

Как сообщили в пресс-службе ДВД области, при установлении личности потерпевшего полицейские выяснили, что мужчина, 1973 года рождения, вел бродячий образ жизни. В этой связи оперативно-розыскные мероприятия полицейские Талдыкоргана провели среди местных бомжей. В итоге задержали женщину, 1980 года рождения, которая также ведет бродячий образ жизни, несмотря на то, что имеет собственный дом.

По признательным показаниям задержанной и свидетельской базе, установлено, что потерпевший накануне распивал спиртные напитки с подозреваемой. В ходе застолья пьяный мужчина начал приставать к женщине, которая в пылу гнева забила его до смерти ногами. Оставив затихшего «кавалера» на улице, подвыпившая женщина продолжила застолье в другой компании, где и была задержана полицейскими по подозрению в убийстве.

В настоящее время подозреваемая взята под стражу. Расследование продолжается.

Сандугаш ДУЙСЕНОВА.