Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

КӨКЕЙКЕСТІ «СУР-АНАДАН» ТУАР МА ЕКЕН, САУ БАЛА?


26 апреля 2012, 11:47 | 1 652 просмотра



Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ.

«Айқын» газеті.

Адамзаттың басты міндеті - артына ұрпақ қалдыру. Дүниеге сәби әкеліп, әке, ана бақытын сезінгісі келмейтін адам кемде-кем шығар, сірә. Өкініштісі, бұл бәріне бірдей бұйыра бермейтін бақ. Мұндайда ата-ана жасанды жолмен бала сүймек ниетпен әрқилы репродуктивті технологияларға жүгінеді. Солардың бірі - суррогат ананың көмегіне иек арту.

Ресей поп-музыкасының патшасы Филипп Киркоров әке атаныпты. Әншінің тұңғыш әрі жалғыз қызының есімі - Алла-Виктория. Аталған жаңалықты естіген өнерсүйер қауым Киркоровтың кенеттен әке атануының себебін түсінбей дал болды. Жуырда ғана «Бірінші арнаның» атышулы «Пусть говорят» бағдарламасында Филипп Киркоров қызының дүниеге келуінің сырын жалпақ жұртқа жайып салды. «Иә, қызымды суррогат ана дүниеге әкелді. Бүгін мен бұл шындықты жасырмаймын. Осылайша мен бала сүйгісі келетін жалғызбасты адамдар өз мәселесін шеше алатындығын дәлелдегім келді. Әрине, менің өнеріме табынушы әйелдердің арасында бала туып бергісі келгендер де болды. Бірақ болашақта ол баланы кері қайтарғысы келмейтініне кепілдік жоқ қой» деп жауап берді Филипп Киркоров журналистердің сұрағына. Жалғыздықтан қорыққан поп-королі осылайша өз үрейінен қашқан болу керек.

Суррогат ана деген сөз тіркесі бүгінде құлағымызға сіңісті боп барады. Жалпы, суррогат деген сөздің түп-төркіні латын тілінен аудар-ғанда, алмастыру деген мағынаға ие. Яғни өзгенің баласын тоғыз ай, тоғыз күн бойы көтеріп, жатырын жалға беретін «аналарды» суррогат аналар деп атайды. Бұл, әрине, ауызекі тілде сур-аналарға берілер анықтама. Ал ғылыми тұрғыда жасанды жолмен бала көтеруді зерттеу сонау 1950 жылдан бастау алады. 1978 жылы Англияда анасының ағзасынан тыс жерде пайда болған тұңғыш сәби дүние есiгін ашады. 90-жылдардың басында бедеулікті емдеудің жаңа дәуірі басталды. Клеткалық инжиниринг арқылы «ақ халатты абзал жандар» баланың пайда болуына әсер етудің түрлі әдіс-тәсілін ойлап тапты. Шыны керек, жасанды жолмен бала көтеру, сенсациядан қарапайым медициналық әдіске дейінгі жолды жүріп өтті. Суррогат ана тікелей отбасылық жұптың бедеулік деңгейіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. «Дәстүрлі» әдіс бойынша, суррогат ананың ұрық клеткасына болашақ сәбидің биологиялық әкесінің тұқымын қосады. Ал «толық» әдісі бойынша, суррогат ана мен баланың арасында ешбір генетикалық байланыс болмайды. Яки суррогат ананың құрсағына биологиялық ата-ананың ұрық клеткасын енгізеді. Суррогат ана технолгоиясының 20 жылдан астам тарихы бар. Осы уақыт ішінде әлемде дәл осы әдіс бойынша, екі мыңға жуық сәби өмірге келді. Ал ТМД аумағында Украинаның Харьков қаласында шаранасына жаны ашыған ана суррогаттық жолмен күйеубаласы мен қызына бала сыйлайды.

Құрсағын «жалға» беретін сур-аналар туралы қоғам екіұдай пікір білдіреді. Біреулер - мұны «сәби сүю бақытынан айырылған ата-анаға қолұшын беріп, көмек көрсету» деп бағаласа, енді біреулер - мұндай істі күнәға балайды. Әлемде суррогаттыққа заңмен шектеу қойған мемлекеттер бар. Мәселен, Франция, Германия, Австрия, Норвегия, Швецияда суррогат ана атануға үзілді-кесілді заңмен тыйым салынса, Канада, Израиль, Ұлыбртания, Австралия, АҚШ-тың бірнеше штаттарында белгілі бір коммерциялық келісіммен суррогат ана атануға заң қарсы. Ал посткеңестік кеңістіктегі елдерде суррогат ана атану коммерциялық мүддені көздейді. Украина, Ресейде бұл іс әлдеқашан жолға қойылған. Ал біздің елімізде 2004 жылы суррогат ана атану заңмен бекітілген. Өткен жылы «Неке және отбасы туралы» заңға суррогат анаға қатысты бірқатар толықтырулар енгізілген болатын. Аталмыш өзгерістер алты бірдей бапты қамтиды. Толықтыруларға сәйкес, келісімге келген тараптардың құқықтық міндеттемелері, салдары, егіз бала дүниеге келген жағдайда не істеу керектігі һәм биологиялық ата-аналар ажыраса қалса, қандай шешім қабылданатыны толықтай белгіленген. Сондай-ақ заңда суррогаттық тәсілмен сәбидің дүниеге келуіне ықпал еткен денсаулық сақтау мекемесі, келісімді бекіткен нотариустың құпияны жарияламауы да міндеттелген.

Суррогат аналарға сәбиді тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп жүргені үшін белгілі бір мөлшерде қаржы төленеді. Суррогат ана болу мамандық десек, әсте жаңылыспаспыз. Елімізде өзгеге бала туып берудің құны 15-30 мың АҚШ долларының айналасында. Бұған тоғыз ай бойы анаға төленер «еңбекақыны» қосыңыз. Анаға төленер еңбекақының құны айына 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейінгі сома. Әрине, ұрпақ өрбіткісі келетін ата-ана болашақ сәбиінен ештеңе аямайды. Кей ата-аналар суррогат ананың барлық жағдайын жасауға да әзір. 2011 жылы елімізде 200 отбасылық жұп суррогат ананың көмегіне жүгінген. 9 ай бойы өзгенің қамқорлығына бөленіп, құрсағында өзгенің баласын көтеретін «аналар» туралы ақпарат ғаламторда қаптап жүр. Өзгеге бала тауып беретін «қайырымды аналарға» қойылар талап та көп. Сур-ана жасы 35-ке дейінгі, отбасылы, кем дегенде екі рет бала сүйген, ұқыпты, ешбір зиянды қылығы жоқ, инфекция-лық, созылмалы ауруы жоқ әйел болуы тиіс. Өкініштісі, ғаламтор бетіндегі жарнаманың басым бөлігі қазақ әйелдеріне тиесілі. Мәселен, бір жарнамада «сәлеметсіз бе, әдемі де дені сау бала сүйгісі келетін ата-аналарға көмектескім келеді. Жасым 21-де, бір ұлым бар. Бойым 168 сантиметр, салмағым 54 келi, зиянды қылықтарым жоқ, қара торы, қысық көз арумын, интеллектуалдық деңгейім жоғары, сур-ана қызметім - 15 000 АҚШ доллар+ай сайынғы төлем» делінген. Ал енді бір ару сур-ана атанып, өз әпкесіне бала туып бергісі келеді. Жасы 29-да, басы бос. Осы іспеттес жарнаманы ғаламтордан оңай табасыз. Жарнама берушілердің дені жасы 21-30 шамасындағы әйелдер. Тіпті, өз қызметін 50 мың АҚШ долларына теңеген аналар да көптеп кездеседі.

Ең қызығы, болашақ сәбидің биологиялық анасы мен сур-ананың арасында келісім жүргізетін делдалдар да бар екен. Бала сүйгісі келетін ата-ана сур-ананы базарда киім таңдағандай таңдай алады. Байқап отырсақ, ұрпақтың жалғасы болар бала бүгінде тірі «тауарға» айналған. Қалтаңызда ақшаңыз болса, жалғызбасты әке немесе ана атануыңыз да мүмкін. Филипп Киркоров сияқты балаға жалғыз өзі «иелік» еткісі келетін адамдар бізде де жеткілікті. Ғаламторда «Жасым отызда. Бала сүйгім келеді. Басым бос. 10 000 АҚШ долларына қызмет көрсететін сур-ана қажет» деген жарнаманы да көзіміз шалды. Тіпті, жарнамалардың ішінде биологиялық ата-ананы қызықтыра түсетін мәтіні ұқыпты, әдемі жазылғандарын да кездестіресіз. Сур-ана атануға көбіне материалдық жағдайы төмен әйелдер бел буады екен. Тіпті, оңтүстік аймақтардың шалғай ауылдарынан келіп, қалталы ата-анаға бала тауып бергісі келетін әйелдер де бар. Тіпті, мол ақшаға елітіп, ақыр аяғында бармақ тістеп қалған сур-аналар туралы ақпараттарды оқыдық. Мәселен, егер нотариалды тұрғыда бекітілген келісім бойынша, сур-ана белгілі бір болмашы дертке тап болса, биологиялық ата-ана дүние есігін ашпаған сәбиден оңай бас тарта алады. Осыдан бір ай бұрын «Нур кз» сайтына сұхбат берген суррогат ананың әңгімесі де жаға ұстатады. «Барлығы да ақша тапқысы келеді. Біреу-дің есебінен 9 ай өмір сүру - кім-кімге де ұнайтын іс. Сур-ананың көмегіне жүгінетін бедеу-лігі бар отбасылық жұптар да аз емес. Шынымды айтсам, өз тәжірибемде мүсінін бұзғысы келмеген арулар да кездесті» дейді сур-ана. «Біреу тойып, енді біреу тоңып секіреді» деген осы шығар.

Жер бетінде бедеулік дертіне шалдыққан адамдар көптеп кездеседі. Экологиялық ахуалдың төмендеуі, адамдардың түрлі дертке шалдығуы бедеулікке бастар бірден-бір жол. Мәселен, көршілес Ресейде отбасылардың 17 пайызы бедеулікке тап болғандар. Әйтсе де, біздің еліміздегі жағдай ресейліктерден мәз емес. Адам репродукциясы ассоцациясының президенті Салтанат Байқошқарованың мәлімдеуінше, елімізде жасанды жолмен бала көтеруге сеп болар ЭКО орталықтардың саны арта түседі. «Өкінішке қарай, біз химиялық дәуірде өмір сүреміз, сол себепті сапалы ұрық клеткасы туралы сөз қозғаудың өзі қиын. Көптеген адамдар табиғи жолмен емес, жасанды жолмен бала көтеру технологиясына жүгінеді» деді ассоциация президенті. Бүгінде елімізде әрбір үшінші жұп қосымша репродуктивті технологиясына иек артады. Сондықтан бұл күрмеуі қиын мәселеге айналып отыр. Мәселе ушыққан сайын уақытша ана атанып, өз қызметін пұлдайтын, оңай жолмен олжалы болып, ел қатарлы өмір сүргісі келетін «уақытша аналардың» да арта түсетіні даусыз. Ғылым адам үшін жұмыс істейді. Күн сайын ашылатын ғылыми жаңалықтар адамзат өмірін жеңілдетіп, жақсарта түсері хақ. Алайда ғылымның дамуы мен жаңалықтардың арта түскені адамның ең ізгі арманын ақшаға айырбастаудың тетігіне айналатын баспалдақ болғаны өкінішті-ақ...

ФАРМАЦЕВТИКА

Не учили жить , а помогли материально!

До 68% доходит доля отечественных фармпроизводителей в госзакупках

Ирина ЛУКИЧЕВА,

www.kapital.kz.

Сегодня на фармацевтическом рынке существует несколько инструментов поддержки отечественных производителей единым дистрибьютором в лице «СК-Фармация».

Первый такой инструмент – политика государства в сфере закупок лекарственных средств (ЛС), изделий медицинского назначения (ИМН). Так, по линии гарантированного объема бесплатной медицинской помощи объем закупок ТОО «СК-Фармация» лекарственных препаратов и изделий медицинского назначения на 2012 год составил более 60 млрд тенге.

«Мы концентрируем свои усилия на замещение импортных товаров на внутреннем рынке лекарственными средствами местного производства. Поэтому при конкурсных отборах поставщиков при прочих равных условиях предпочтение отдается именно казахстанским предприятиям, разумеется, не в ущерб качеству предлагаемой продукции», – рассказал «Капитал.kz» Берик Шарип, управляющий директор ТОО «СК-Фармация». Таким образом, в 2012 году доля отечественных производителей в госзакупках единого дистрибьютора в натуральном выражении увеличилась до 68%.

Следующим механизмом служат семилетние долгосрочные договоры поставки «СК-Фармация» с отечественными производителями лекарст-венных средств. На данные контракты не распространяются тендерные процедуры закупа, но для того, чтобы они заработали, производители обязаны получить сертификаты надлежащей производственной практики: GMP («Good Manufacturing Practice») для лекарственных средств и ИСО (инерциальная система отсчета) – для изделий медицинского назначения. «Наша компания стимулирует казахстанские заводы-изготовители вкладывать средства в модернизацию производств и запуск новых линий. На сегодняшний день единым дистрибьютором заключены 14 долгосрочных договоров с 13 отечественными товаропроизводителями, на стадии подписания еще 2 проекта», – поясняет г-н Шарип.

Согласно Государственной программе форсированного индустриально-инновационного развития (ГПФИИР), к 2014 году все предприятия должны перейти на стандарт GMP. Это потребует серьезных инвестиций, зато предполагает и определенную выгоду. К слову, с этого года Украина объявила, что на территории страны должны быть только препараты тех предприятий, которые получили формат GMP.

В Казахстане обороты продаж лекарственных препаратов за последние 7 лет демонстрировали значительный ежегодный рост объемов в 15-20%, составив в прошлом году $1,3. «Работа по правилам GMP позволяет производителям повысить конкурентоспособность своих препаратов как на внутреннем, так и на мировом рынках, увеличить экспортный потенциал», – считает Берик Шарип. Все предприятия, которые подписали с нами долгосрочные договоры, обязуются внедрить международные стандарты на своих производствах до 2014 года.

Напомним, что АО «Химфарм» и АО «Нобел АФФ» уже получили сертификаты стандарта GMP, но только на часть своей продукции. Как отмечалось выше, для изделий медицинского назначения применяется стандарт ИСО. В РК их получили компании ТОО «БируниФарм» и ТОО «СуперФарм».

На сегодняшний день в рамках заключенных долгосрочных договоров «СК-Фармация» закупила у трех отечественных производителей 37 наименований ЛС и ИМН на общую сумму свыше 2 млрд тенге.

Вместе с тем, к 2014 году 50% лекарственных препаратов в натуральном выражении на казахстанском рынке смогут быть отечественного производства, считает Лариса Пак, заместитель председателя комитета контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения РК. «Сегодня выпуск казахстанских препаратов достиг 30% в натуральном выражении. К 2014 году это достаточно выполнимое поручение, которое находится на контроле», – комментирует г-жа Пак.

В составе закупок единого дистрибьютора за прошлый год объем казахстанского содержания составил порядка 68%. В 2010 году этот показатель составлял 49%. В компании прогнозируют, что в 2012 году объем казахстанского содержания составит более 70%.