Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТАРИХИ ТҰЛҒА ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ЕСІМ


3 апреля 2012, 21:03 | 1 546 просмотров


Адамдардың барлығы бірдей өмір сүрмейді. Біреулері мақсатсыз, армансыз, әйтеуір тіршілік етеді. Екіншілері ешкімнен қалыспай ел қатарлы өмір сүреді. Үшінші біреулер сезімсіз, сенімсіз елді алдап, қанап күн көреді. Тек ерекше арманы бар, сенімі бар, мақсаты бар дарындылар ғана «пайдам тисе екен» деп, халық үшін еңбек етіп тарихта қайталанбас із қалдырады. Есімі ел есінде қалған адам –тарихи тұлғаға айналады. Қазақ Ұлттық медицина Университеті медицина білімінің қара шаңырағына қазақтың ардақты ұлы Санжар Асфендияровтың есімі берілген. Медициналық университеттің алғашқы ректоры, тарихшы, қоғам қайраткері. Қазақстандағы медициналық білімнің қалыптасуына, қазақ даласындағы медициналық көмекті жетілдіруде қажырлы еңбек еткен елінің ардақты ұлы. Ол қан майданда әскери-дәрігер болды, тұтқынға да түсті, қазақ ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалым да болды. Ол қазақ тарихын зерттеп жаңаша зерделегені үшін, хан тұқымынан болғаны үшін жазықсыз қуғынға ұшыраған ардақтылардың бірі болды. Санжар Асфендияров – артынан «өшпейтін сөз қалдыр-ған» «есімі өлмейтін» тұлға.