Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстанда 15 медициналық мекеме ISQua халықаралық аккредитациясынан өтеді - ҚР ДСМ


3 апреля 2012, 20:36 | 1 665 просмотров


2012 жылы еліміздегі 15 медициналық мекеме ISQua халықаралық аккредитациясынан өтеді.

Бұл туралы Астанада 26 наурыз күні өткен республикалық семинар барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының бастығы Гүлнәр Алпысбекова мәлім етті.

Оның айтуынша, халықаралық талаптардың негізінде жасақталған жаңартылған аккредитацияны ілкі режімде Шымкент, Астана, Алматы, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Қостанай қалаларының стационарлық, амбулаторлық және жедел медициналық көмек көрсету мекемелері, сондай-ақ қан банкілері мен қан құю қызметтері алатын болады.

«Республикалық семинар барысында халықаралық консультанттар аккредиттеудің жаңартылған стандарттарын сынақтан өткізу бойынша 160 жаттықтырушыға оқыту курсын өткізеді. Жалпы биыл 740 дәрігер оқытылмақ. Кейін оқудан өткен қазақстандық жаттықтырушылар денсаулық сақтау ұйымдарының сапасы бойынша менеджер мен сарапшыны дайындайтын болады», - дейді Г. Алпысбекова.

Аталмыш жаңартылған стандарттарды енгізу жұмыстары «ҚР Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформаны жүргізу» Дүниежүзілік банк жобасы аясында қаржыландырылып отыр.

Жаңартылған стандарттар ұлттық аккредиттеу стандарттары мен денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша халықаралық қоғамның ұсынымдары ескеріле отырып әзірленді