Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАЛДЫ


3 апреля 2012, 20:34 | 1 369 просмотров



Қызылорда облыстық медициналық орталығында Конго-Қырым қанды безгегінің табиғи ошақтарында санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыру мәселесіне қатысты семинар өтті.

Семинарды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті ұйымдастырды. Оған Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының эпидемиологтары, зоологтары, бактериологтары, клиницистері, ауыл шаруашылығы басқармалары мен оба ауруына қарсы күрес стансыларының өкілдері қатысты. Басқосуда республикалық санитарлық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығының дәрігер-эпидемиологы Хәкімжан Қыраубаев, Қазақ карантин және зоонозды инфекция ғылыми орталығының қызметкері Талғат Нұрмаханов және басқалар бяндама жасады.