Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Денсаулық сақтау министрлігі жұртшылықты онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы мен тұжырымдамалар жобаларына ұсыныс-пікірлерін қосуға шақырды


3 апреля 2012, 20:28 | 1 406 просмотров


Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы.

Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасының және Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу Тұжырымдамасының жобаларын әзірледі.

Аталған жобалар Министрліктің www.mz.gov.kz сайтында «Талқылауға арналған жобалар» бөлімінде жарияланды.

Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасының жобасы бойынша ұсыныс, пікірлерді g.kulkaeva@mz.gov.kz электрондық мекен-жайына;

Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамыту Тұжырымдамасының жобасы бойынша ұсыныс, пікірлерді a.syzdykova@mz.gov.kz, smailova@mz.gov.kz электрондық мекен-жайларына;

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу Тұжырымдамасының жобасы бойынша ұсыныс, пікірлерді r.nurmuhanov@mz.gov.kz, g.murzahmetov@mz.gov.kz электрондық мекен-жайларына жіберуге болады.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі бүкіл қоғамның белсенді араласуына, үйлесімді іс-әрекетіне және әр адамның оның дамуына қосқан үлесіне байланысты. Сондықтан да министрлік осы орайда, аталған жобаларды талқылауға жұртшылықты белсенді қатысуға шақырды.

Автор:
ҚР ДСМ.