Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

2012 жылы инновация енгізілетін басым технологиялар мен салалар анықталатын болады


3 апреля 2012, 20:25 | 1 800 просмотров



Қазіргі таңда Қазақстанда экономиканың қарқынды дамуы мен өндірістің жаңғыруын қамтамасыз ететін инновациялық жүйені дамыту стратегиялық міндет болып табылады, деп хабарлады pm.kz сайты.

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа арнаған биылғы Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметке ұлттық инновациялық жүйені нығайтуды тапсырды.

«Үкімет қазақстандық инновациялық жүйені нығайтуы керек. Инновациялық гранттар бөлу арқылы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға кететін бюджеттік шығындарды көбейту маңызды болып табылады», - деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Мемлекеттік саясаттың күш-жігері экономиканың барлық салалары мен барлық ғылыми-технологиялық жұмыстарда инновациялық ортаны дамытуға бағытталған. Мысалы, республикамызда аймақтық технопарктерді, арнайы экономикалық аймақтар мен құрастырушы бюроларды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылым құрылды.

Ұлттық инновациялық қор өзінің жұмысын бастағаннан бері 15 жобаны, 55 тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды қаржыландырған, бүгінгі таңда қордың қатысуымен 9 иновациялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетерлігі, Корея ғылым мен технологияны бағалау және жоспарлау институтымен бірлесе отырып Ұлттық инновациялық қор ғылыми-технологиялық форсайт жүргізген, ол форсайт Қазақстанның алдағы даму векторын, басым бағытқа ие технологиялар мен салаларды анықтауға бағыттал-ған. 2012 жылы ілкі жоба ретінде ең басымдыққа ие 10 технология бойынша тиісті мақсатты технологиялық бағдарламалар әзірленіп, мемлекеттік бюджетті қоса алғанда, жан-жақты қаржыландыруға ие болады.

2011 жылы Қазақстанның Ғылыми-зерттеу институттары мен университеттері жанынан 9 коммерцияландыру кеңсесі ашылған болатын. Кеңселер ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін нарыққа шығару мақсатымен ғылым мен бизнес арасын байланыстырып тұрған буын болып табылады. Бүгінгі таңда келіп түскен 74 инновациялық жобалар арасында 18 жоба тұжырымдауға іріктеліп алынды. Сонымен қатар, 18 жобаның 7-еуі коммерцияландыру бойынша нақты көмекке ие болады.

Осылайша, жаңа технологияларды қолдауға бағытталған құралдар инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, ғылыми жұмыстарды тиімді енгізуге, технологияларды трансферт-теуге, сондай-ақ жалпы үстеме құны үлкен деңгейдегі жоғары технологиялық өнімдерді жүзеге асыруға бағытталған.