Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӘЙЕЛДЕРГЕ ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАМА!


19 марта 2012, 09:45 | 3 462 просмотра



Алматыда отбасындағы зорлық-зомбылықтың және әйелдерге күш көрсетудің алдын алуға бағытталған «Зорлықсыз үй» акциясы басталды. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Бұл күндері тәртіп сақшылары тұрғындардың үйлеріне барып, алдын алу шаралары жөнінде түрлі әңгімелер өткізеді. Осылайша тұрмыста заң бұзушылыққа бейім, сәтсіз отбасыларына баса назар аударылмақшы, - дейді әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі топтың аға инспекторы Майя Тоқсанова.

Аталған шараны өткізуге мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және жұртшылық өкілдері жұмылдырылып, студенттер арасынан еріктілер тартылады. ҮЕҰ-лармен бірге әйелдерге қарсы күш көрсету мәселелері жөніндегі әлеуметтік зерттеулер жүргізбекші. «Шағым түскен жағдайда біз шұғыл түрде әрекет қабылдап, мұқият тексеру жүргізіп, әйелдерге қатысты зорлық көрсеткендерді жауапкершілiкке тарту жөнінде тиісті шаралар қабылдаймыз», - дейді мамандар.

Ағымдағы жылдың екі айында әйелдердің күйеулерінен және бірге тұрып жатқан жолдастарынан зорлық-зомбылық көруіне байланысты, 150 рет шағым түсіпті. 26 ер-азамат әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке, адам денсаулығына зиян келтіргендігі үшін - 23 адам, отбасылық тұрмыстық тіршілікте құқық бұзғаны үшін 109 адам жауапкершілікке тартылған.

Жалпы, заңды да, заңсыз да некеде тұрып жатқан отбастарында әйелдерді сабайтындар баршылық. Осының салдарынан түрлі жарақат алып, тіпті өлім құшатындар кездеседі. Сол себепті алматылық тәртіп сақшылары нәзік жандылардың тұрмысына бір уақыт баса назар аударып отыр.

Автор:
Жамбыл Қырғызбай, «Айқын» газеті.